Қоқан хандығының билеушілерін қазақдаласын жаулап алу үшін баруға итермелеген не? Жоғарыда атап өтілгеніндей, Әлім бек пен оның төңірегіндегілерді қазынаны жаңа олжа көздерімен толықтыруға ұмтылыс жаулап алушылық жорықтарға итермеледі. Осы арқылы ол «бұрынғы» өзбек шонжарлары мен негізінен таулық тәжіктер (XIX ғасырда олар «тәжік» этнонимімен көрсетілді) қатарынан құрылған «жаңа» әскер (бұл жауынгерлер гала-баһадүрлер деп атала бастады) арасындағы бақталастықты жұмсартып, олардың мүдделерін жаңа облыстарды басып алу мен отарлау үшін біріктіруге де ұмтылды. Қоқан әскерлерінің Ұратөбе ауданында Бұхара өмірініңкүштерімен қақтығысуы қоқандықтардың батысқа қарай ілгерілеуін тоқтатып, олардың экспансиясының бағытын ғана өзгертті.
Отырыкшы-егіншілікті Мауараннахрдың көшпелі шет аймағы ретіндегі -Қазақстанның оңтүстігін жаулап алу қоқан феодалдарына бай жазираларға ие болуды бермесе де, оныңесесіне мал енімдерінің түсуімен қоса, олардың Орта Азияны Ресеймен және Қытаймен байланыстырып жатқан керуен жолдарына стратегиялық бақылау жасауды да қамтамасыз етті. ХІХ ғасырда олардың арасындағы сауданың едәуір ескендігінен де бұл өте маңызды болды. Ақырыпда бұл кең-байтақ аймақты жаулап алудың идеологиялық маңызы зор болатын.
Орта Азияның, яғни Мауараннахрдың отырықшы халқы мың жыл бойы Дешті Қыпшаққа қорқынышпен қарап келді, әртүрлі дәуірлерде Орта Азияға өз әулеттерін (эфталиттер, түріктер, Шыңғыс ұрпақтары, Шайбани ұрпақтары және басқалар) отырғызып қоятын жаулап алушылартолкыны сол жақтан келетін. Дешті Қыпшақтың тым болмаған да бір бөлігін бағындыру және бүкіл Ішкі Азияның мұсылмандары кең көлемде қадірлейтін «99 000 шайхылар жетекшісін» иелену қоқан ханының беделін болып көрмеген биікке көтерді.
Ташкентті бағындырғаннан кейін бір жыл еткен соң, 1810 жылдың ақпанында Әлім бек Ресеймен сауда жасау үшін тауарлар артылған 300-400 түйеден керуен жабдықтап, оны Ташкентке жіберді. Нақсол уақытта ол Ташкенттегі хакім Сайид Әлібектен қазақтардыңсалықтар: зекет (малдаң) пен харадж (егістен) төлеуден бас тартқаны туралы хабар және бағынбаушыларды тыныштандыру үшін әскер жіберуді сұраған өтініш алды. Сол кезде хан қыскы аязға қарамастан керуеннің ізінен Сайрамды, Шымкентті және Түркістанды бағындыру үшін-12 мың адамдық «жаңа» әскер жіберді. Әскер құрамына бітістірушілік және миссионерлік міндеттер жүктелген Ташкенттің 50 шақты үлемі енгізілді. Теңіректегі кешіп үлгірмей, жаулап алушылардың қолына түскен қазақ тұрғындары «тамтығы калдырылмай»тоналды.
Осы жорықтың барысыңда қоқандықтарды басқарған тәжік Зухур дуанбегі Сайрамды коршады, Шымкент қыстағына бекініс салып, онда мылтықтары (туфангдар) мен екі зеңбірегі бар 200 жаяу және 400 салт атты атқыштарды қалдырды. Содан соңол Әулиеатаға келіп, бекініс салды және онда тәжіктер Абдаллах датқа пен Шахбек датқа бастаған 1000 жауынгер қалдырды. Одан әрі Зухур дуанбегі Түркістанға жақындады. Басқа бір лақапқа қарағанда, Түркістанға жорықты Ташкенттік Шыңғыс ұрпағы Салымсақ төре басқарған, ол келіс сөздерден кейін түркістандықтарды Әлім бектің билігіне бағынуға көндіріп, оған 90 түйеге артылған сый-сыяпат, соның ішінде «кәмшаттерісінен» тігілген әдемі тон жіберген».
Қалай дегенмен де Зухур дуанбегінің одан арғы қимылын Ташкент түбіндегі Минг-өрікте, ханның інісі Омарбектің ордасында болған оқиғалар тоқтатып тастады. Оның туыстары (анасы жағынан, Фази аталықтың ұрпақтары — аса ықпалды минттер әулетінің мүшелері мен бұрынғы шонжарлардан шыққан, Әлім бектің дара билігіне наразы Абылай ханның ұрпақтарынан ташкент және қазақ шонжарлары, қоңырат, шанышқылы, сіргелі, бестаңба бірлестігі мен карақалпактар қолдаған өскербасылар бұл сөтті батыл қимылдауға қолайлы деп тапты, өйткені қазақ даласына жіберілген «жаңа» әскер үскірік аяздан адам айтқысыз азап көріп, наразылық білдіре бастаған еді. Қаскүнемдік жасаушылар тақты басып алу үшін Омарбекті Қоқанға жасырын қашып баруға көндірді (сол кезде Әлім бек Ташкентте болатын). Қаскүнемдік туралы кеш білген Әлім бек әскерді Ташкентке асығыс шақырып алып, Қоқанға бет алуға мәжбүр болды, Ташкентке өзінің баласы Шахрухты (оның шешесі казақ болатын) калдырып кетті. Кетер алдында ол Ташкенттің бұрынғы астык базарында өзінің қолына түскен қаскүнемдерін, соның ішінде қазақтағы Шыңғыс ұрпағы Салымсақ төре мен Әділ төрені (сірә, Қытайға көшіп кеткен басқа Әділ төренің аттасы болса керек) дарға асып үлгірді. Алайда Қоқанға бара жатқан жолда әскер ханды тастап, тарап кетті, ал оның өзі көп ұзамай 1810 жылдың көктемінде Коқанға жақын жерде өлтірілді. Әлім бектің қаза табуы оның мемлекеттік істерге Ферғананың шонжар «ақсақалдарының» ықпалын кемітуге жасаған әрекетінің сәтсіздікке ұшырағанын білдірді, ал Әлім бек жүргізген үстем таптың әлеуметтік базасын кеңейту саясатының барысында олардың мүдделеріне қысым көрсетілген еді.
Шонжар аксақалдар оның туған інісі Омарды (1785—1822; 1810—1812 жылдарда билік кұрды) таққа көтерді, ол сол шонжарларға анасы жағынан да, өзінің немере қарындасы Тадж аннисамен (Мохлар-айим, өзбектің классик ақыны Надира есімімен танымал) некесі жағынан да байланысты болатын. Батылдығы мен өр көкіректігі жағынан маркұм ағасынан әлдекайда кем түсетін жаңа хан жұмсақтығымен және нәзік талғамымен ерекшеленді, ақындык дарыны болатын және Әмір деген бүркеншік атпен (тахаллус) парсы және түркі тілдерінде өлеңдер жинағын (диуан) қалдырды. Оныңтүсында алғаш рет Коканның ресми хроникасы («'Умарнама» жөне «Шахнама-йи Умархани») жазылды.
Төңкерістен кейін Ферғанадағы ішкі істерді жайғастыру, Ұратөбе меи Жызаққа катаң бақылау орнатуға жасалған сәтсізөрекеттер Коканның Оңтүстік Қазақстанға экспансиясын бірнеше жылға кідіртті. Оның үстіне Ташкент төңірегінде қарахан руынан және қаракалпақ-қытайлардан шыққан Қабыл деген біреу пайда болды. Ол өз төңірегіне көшпелі казақтарды жинап алып, бір кезде өзінің иелігі болған Бағыстан деген жердегі Шаткал тауларында жасырынып жүрді және кереуендерді тонап, Ферғана мен басқа да жапсарлас жатқан аудандартұрғындарыныңтаудағы жазғы жайылымдарда жайып жүрген малын тартып ала бастады. Омар хан 500 тәжірибелі таулық атқыштарымен түпшібашы, датқа атағы да бар Әбді өл-Әзімді (Әзімбайды), сондай-ак Чуст пен Қасандағы хакім Жүсіп Әлиқожаны Қабылға қарсы аттандырды. Камыс-қорғанға жеткен соң (Солтүстік Ферғанадағы Сырдарияның оңжағасы) қоқандықтар екі топқа болінді. Жүсіп Әли кожа Хазрат-и Идрис кесенесі арқылы жүріп, ал Әбді әл-Әзім Бағыстан шатқалына беталды. Әзімбаймен шайқаста Қабыл жараланып, Нанай бекінісіне (Шатқал таулары) жасырынды, ол жалғыз кірер жолды тас, ағаш жәнет.б. құлатып бітеп кетті. Сол екі арада Қоқанның екі отряды жиырма күннен кейін косылып, шатқалдан шығар жолды жауып тастады. Содан соң коршаудағылардың сырт жағына мергендер мен Кухистан жауынгерлерінен тәжірибелі тауға өрмелегіштерді баскарған Әбді-и Қаһһар токсаба Бадахшиді жіберді. Олар екі асудан өтіп, арканнан жасалған баспалдақ пен жартасқа қағылған шегелер арқылы тік тауға көтерілді және алтыншы күні оның басына жетіп, қоршаудағыларды жоғарғы жақтан атқылауға кірісті, ал қоршаудағылар өлімге бас тіккен өжеттікпен шайқаса бастады. Үш күндік шайқастан кейін қоқандықтар кіреберісті адды. Сол кезде олардың жаршысы өздеріне тек Қабыл және тағы да бес әскербасы ғана керек, қалғандары қаруын тастаса, толық бостандық алады деп жариялады. Көпшілігі суық қаруы мен мылтықтарын тапсырып, тарап кетті, бірақ бірсыпырасы Қабылмен бірге қасарыса қарсылық керсетуін жалғастыра берді (екі жақта үлкен шығындарға ұшырады). Жағдай үмітсіз болған кезде Қабыл Омар ханға өзін кызметке алуды өтініп хат жіберді. Әзімбай арқылы Қабылға ешқандай кауіпсіздікке кепілдік берілмеген жауап алынды. Қабыл тұтқынға берілгеннен кейін Әзімбай оны хан сарайына жеткізді.Қоқандыктар Қабылдан көптеген малды тартып алып, хан оларды иелеріне кайтарды. Омар ханның өкімімен Қабыл Ташкенттегі Чорсу Регистан алаңында дарға асылды. Басқа тұтқындар дадарғаасылды.
1813—14жылдары қоқандықтар Түркістан қаласыныңмаңындағы мекен Қарнақты алды. Қоқанныңдала өңіріндегі жағдайын тағы бір оқиға күшейтіп жіберді. АбылайханныңбаласыӘділтөреқытайиеліктеріненөзініңсанмың-дыққосыныментуған жеріне қайтып келіп,Ташкенттөңірегіндеорналасқан Омарханға 1814 жылы өзініңбаласы Нұралы төреден сәлем айтып жіберді, онда өзінің «дінсіздерден» қайтып келгенін хабарлады және өзінің қалған күндерін ислам иеліктерінде өткізуге үміттеніп, Омар ханға бағынатынын білдірді. Хатында Әділ төре Тоқтамыс ханды өзінің бабам деп атаған және Қоқан билеушісінен қоқан хандары өз генеалогиясын тарататын әмір Темір алдындағы бабасының «кінәсін» ұмытуды сұраған. Алыста қалған XIV ғасыр оқиғаларын алға тартып, казақ сұлтаны өз тегін Токтамыс ханға тіреген (дәлірек айтқавда, ол қазақтардағы Шыңғыс ұрпақтарының бабасы емес, жолы үлкен туысы болған, бұлар сияқты ол да Жошының он үшінші және кенже үлы Тоқай-Темір ұрпағы еді) бұл қызықты жағдай казақ-қоқан катынастары-ныцидеологиялықсырларын ашып береді. Қоқан хандарының шыққан тегі туралы аңыздың қазақ даласындағы әсері және коқан экспансиясының қарсы идеялық әрекеті (Темірдің Тоқтамыс ханды бағындыра алмағаны жалпы жұртқа мәлім факт екенін,сондай-ақ хаттың мазмұны Қоқанның сарай жанындағы шежірешісінің біржақты айтуы бойынша жеткенін ескергенде) осында бейне тапқан болуы мүмкін. Қалай болғанмен де, Нұралы төре кокан сарайында құрметпен кабылданып, әкесі үшін қорғау грамотасын алды.
Қоқандықтардың Түркістанды алу кезін анықтау жөніндегі мәліметтер әр
түрлі. 1813—Нжылдары Қоқанда болып қайтқан Филипп Назаровтың айтуынша, бұл 1814 жылы; барон Е. К. Миддендорфтыңпайымдауы бойынша 1815 жылы болған. Бірақ қоқан шежірешісі басқа уақыты келтіреді, ол: 9 джумади 1231 (1816жылғы7сәуір).
Түркістанды алу үшін ресми дәлел Омарханның ақсүйектері мен бірге Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіне тәуап етуге деген такуалық тілегі болды. Хан әскерімен Ташкенттен шығып, Сайрамға келді және Түркістанды басып алуға аруактардан медет сұрау үшін жергілікті шайхылардың қабірлеріне соқты. Содан соң ол Түркістанға Ташкенттегі хакім Раджаб күшбеги Бадахшидің бастауымен 1000 адамнан тұратын тандаулы жасақ жіберді. Жасаққа сондай-ақ Хушвакт қүсбегі йуз, Қарахан руынан Ханқожа мирасад, Лутфаллах Чуст руынан Төрехан мир-асад, Мұхаммед Шөріп аталык және басқалар кірді. Атпен үш күн жеделдете жүріп отырып, коқандықтар танкылап бергенге дейін Түркістанға жауынгерлерді алдын ала асықтырып жасырын жақындады. Бекініске білдірмей жетіп, бір-бірінің үстіне шығу арқылы дуалға көтеріліп, қақпашыны өлтірді. Асадбеги қожа есікті ашып, жасақ қалаға лап қойды. Коқан сарайының жанындағы шежірешінің арсыздықпен ескерткеніндей, хан ақаның (дәруіштер мекені) есігі алдында кездейсоқта софыға кездесіп қалып, шу көтермеуі үшін оны да өлтіруге тура келген.
Шабуыл түркістандықтарды қапы қалдырды. Сол кезге қарай олардың билеушісі Тоқай төре Бұхара әмірі Хайдар жіберген Ибраһим кожаның атты қолымен толықтырылған еді. Алайда тұтқиылдан жасалған шабуыл үрейту туғызды. Тоқай төре мен Ибраһим қожа қашып құтылды. Түркістан алынып, тонауға түсті. Омархан бағынған қалаға келіп, кесенеге мінәжат етті. Мұнда басқаруға ата-бабасынан Қоқан сарайының маңында болған Шайһы-Бадал-мырза датқа тағайындалды.
Бұл оқиғаларды суреттеген кезде қоқандық авторлар Йасауидің кесенесіне әмірТемірорнатқан «керемет» қазанға да назар аудармай өтпеген. Оның ғажайып ерекшелігі құрбандыққа қой әкелген адам оны қазанға салып, шын ыкыласымен тілек тілесе, тілегіне сәйкес қой санына қарамай-ақ қазан толатын болған. Дешті Кыпшақтың «үлкен адамдарының» бірі қазанға 500 қойдың етін салыпты, ол сонда да толмапты, ал басқа бір адам оны 5 коймен толтырыптымыс. Омар хан казанды 70 қоймен толтырыпты. Түркістанды жаулап алуға Қақанда зор мән берілгені сонша, онда қайтып барғаннан кейін хан өзін «әмір әл-муслимин» — «діндарлардың өміршісі» деген құрметті атақпен (лакап) атауға бұйрық берген. Стамбулға, өз лауазымымен біргедіндарлардың халифы болып саналатын түрік сұлтанына ханның Түркістанның бағындырылғаны туралы хаты беріліп, Қоқаннан Қажы Мир-Кұрбанның елшілігі жіберілді. Алайда Коқанның соңғы ресми хроникасының авторы Молда Нияз-Мұхаммед кейініректе Түркістанның алынуы жөнінде ащы мысқылмен: ұрлық әдісімен басып алынған уәлаят түптің түбінде адалдық кәрсетпейді, — деп атап өткен.
Түркістанның алынуы қоқан-бұхара бақталастығын шиеленістірді. Түркістаннан кашқан Тоқай төре Бұхарадан баспанатапты. Оның өтінішіне көнген өмір Хайдар Бұхараға қарасты иеліктерден Тоқайдың соғысқа жарамды қазақтарды жинауына рұқсат етті. Өзінің әртекті қолын жасақтап алған Тоқай Созаққа келіп, сонда орнықты да, сонан соң Түркістанды қоршады. Қоқандықтар оған карсы Ташкенттен 300 тандаулы атты әскермен Базар баһадүр йузді жіберді. Ташкентпен Созақ арасындағы қашықтықты үш күн ішінде жүріп отіп, қоқандықтар Созаққа жақындап келді, сонан соң Қаза шатқалына бет алып, Тоқайға көмектескен 1000 қазақ отбасынан тұратын ауылға шабуыл жасап, оларды қашып құтылуға мәжбүр етті, коп олжа мен тұтқындарды қолға түсірді. Түнде Тоқай Созақты тастап кашты.
Оның бұдан кейінгі әрекеттері де сәтсіз болды. Сол кезде қоқандықтар Қоқандықтарға қарсы басқа бір ірі бой көрсетуді Шыңғыс ұрпағы Тентек төре ұйымдастырды. Көтеріліске шыққан саны 12 мыңға жуық адам Сайрамға, ескі бекініске шоғырланды. Омар хан көтерілісті басу міндетін өзініңуәзірі және туысы Әбілкасым аталыққа жүктеді. Бұған сондай-ақ Хушвакт қүсбегі, Лашқар құсбегі (ол туралы төменіректен қараңыз), Мұхаммед Шәріп парва-нашы, Ханқожа мир асад және басқада тәжірибелі әскербасылар тартылды. Көтеріліске шыққандар бетпе-бет шайқаста талқандалып, шегінді де, екі жасақка бөлінді. Бірі Сайрамдағыдан неғұрлым мықты Шымкент бекінісіне тағылды. Екіншісі Сайрам бекінісін қорғай бастады. Коқандықтар Шымкентті қоршауға алды, онда қазақтарды Рүстем басқарды. Кескілескен қоршаудан және қазақтардың түн жамылып жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Шымкент алынды. Сонан соң Қоқан әскерлерінің қызыл және актулары Сайрамда да көтерілді. Оны қоршау кезінде қоқандықтар зеңбірек пен мылтықты кеңінен қолданды. Коршаудағылардың күш пен қаражаты сарқылғаннан кейін Тентек төре берілуге, Коқанға жыл сайын баж (жол үшін төленетін алым) және зекет төлеп тұруға келісіп, Омар ханның сарайына озінің ұлынан сый-сыяпат жіберуге мәжбүр болды.
Көтеріліс басындағылардың негізгі малшылар бұқарасы арасында беделінің жеткіліксіз болуы, бой көрсетулердің бытыраңқылығы, іс-кимылдың үйлесімсіздігі және көтеріліске шыққандар қатарында бірлік болмауы, Бұхараның көмегіне сүйену әрекеттері (осының өзі-ақтайпаластарының бұкарасына қозғалыс басшылары ықпалыныңәлсіз болғанын көрсетеді), ақырында, рулық-тайпалық жасақтарға күресте оқататын қол мылтығымен және артиллериямен қаруланған «жаңа әскер» мен атты әскердің іс-қимылын ұштастырған қоқандықтардың әскери басымдығы — осының бәрі Казақстаңдағы қоқандықтарға қарсы бой көрсетулерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Қозғалыстарды Шыңғыс ұрпақтары - сұлтандардың басқару фактісі оған катысушылар идеологиясының Шыңғысхан енгізген Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының хан билігі институтының 600 жылдықдәстүрін корғаған ескі салтпен көненіңкөзін көксегенін дәлелдейді.
Оңтүстік Қазақстанда қоқандықтар үстемдік еткен дәуірді шартты түрде екі кезеңге болуге болады. Біріншісі жаулап алудың басталуынан (1810) 1840 жылдардың басына дейінгі уақытты қамтиды және Қоқан хандығының гүлдену дәуіріне тұстас келеді. 1841-42 жылдарда оның терең әлеуметтік саяси дағдарыс (осы бір токырап қалған мемлекеттің 1876 жылы құлауына әкеп соққан) кезеңіне аяк басуымен Казақстанның оңтүстігі үшін сынақтар мен сілкіністердің жаңа кезеңі басталып, ол 1865 жылы Ташкентті орыс әскерлерінің алуымен және бүкіл осы аймактың Ресей империясының билігіне көшуімен аяқталды.
2.1. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу.
Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық аяғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, керші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды.
Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Брятания империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:
-Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды.
-Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады.
130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60-шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқыяы Қазақсуандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көпшелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жж «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.
2.2. Исатай Таймаиов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс.
Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінде Исатай Тайманов пен Махамбет Өгемісов бастаған көтерілістің маңызы зор. 1801 ж. Еділ мен Жайық өзендері
аралығына Бөкей хан бастаған 10 мың қазақ отбасы қоныстанды, бұл Ішкі (Бокей) Орданың құрылуына бастама болды. XIX ғ.30 жж. аяғына таман онда
20 мыңға жуық шаруашылық және жалпы саны 80 мың адам болды. Бірақ жайылымдар біркелкі белінбеді. Аз ғана мерзімнің ішінде жердің 2/3 бөлігі қазақ сұлтандары мен орыс помещиктері Юсуповтар мен Безбородколардың
жеке меншігіне берілді Жәңгір хан өзіне 400 мың десягина жерді иемденіп алды. Әсіресе бөлісте сұлтандық титулы жоқ, ханның қайын атасы Қарауыл-
қожа Бабажанов жақсы қамтып калды. Ол помещиктерден жалға алынған
жер үшін өзі ақы төлеп, содан соң осы жерде мал бағуға рұқсат етілетін қазақ
ауылдарынан жалға беру ақысын асыра жинады,түрлі салықтар салды.
Ішкі Ордада кетерілістің алғашқы толқыны 1827-1829 жж. болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Старшина Серкеш Жақсыбаев Орал қазақ әскерлерінің атаманы Бородинге: «Жайықтың сол жағына өтудің себебі ауыр шығындар мен хан тарапынан болып отырған қысымшылықтар; халықтан жиналатын салық шамадан тыс және толемшілердіц жағдайынан бірнеше есе көп мөлшерде жиналады», деп түсініктеме берген. Огкір жер дағдарысы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, өзара қырқыстар 1836 жылы көтеріліске әкелді. Кетерілісті белгілі батыр Исатай Тайманов пен ақын Махамбет Өтемісов басқарды.
Исатай 1791 ж. өмірге келді. 1808ж. Исатайдың руластары Ішкі Ордаға кешті. 21 жасында ол Беріп ішіндегі Жайық руының басшысы болып тағайындалды. Исатайдың жақын серігі ақын Махамбет Өтемісов болды. Ол татар және орыс тілдерін еркін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс жазушысы және этнографы В.И.Дальмен және ғалым-саяхатшы Г.СКарелинмен таныс болған.