Оқыту нәтижелері

Скачать

Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Қазақ әдебиеті 5 - сынып
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарады.
Оқыту нәтижелері: - Жазушы туралы біледі,
- Әңгіме мазмұнымен танысады,
- өмірмен байланыстырады,
- пікіралмасады, ой талқысына түседі,
- еңбек етуге қызығушылықтары артады.
Стратегиялық әдістер Сендер білесіңдер, бірақ білмейсіңдер! , Түймедақ гүлі , Миға шабуыл , Болжау , Қаламгер , Екі бетті күнделік
Түйінді идея: Ақылды тыңдай білу де – өнеге
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ, Жас ерекшеліктер, ОҮБ, дарынды және талантты балаларды оқыту
Көрнекілік, дереккөздер Ақынның портреті, интербелсенді тақта, тірек - сызбалар, қағаз, стикер, кеспе қағаздар

І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері: (20 сек)
(1 - слайд)
– Әрбір адам?
– Туысым, досым, жұрағат.
– Әрбір сабақ?
– Үйрену, ұғу, ұлағат.
– Әрбір ісім?
– Тірлік, тірек, адамдық.
– Әрбір сөзім?
– Шындық, бірлік, адалдық.

Амандасу
1 мин
Сендер білесіңдер..., бірақ білмейсіңдер..!
Психологиялық дайындық:
Оқушыларды ортаға шеңберге шақыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Миға шабуыл Топтастыру әдісі Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру, бағалау парағын тарату.
- Биылғы жылы мемлекетіміз қандай атаулы мерейтойларды атап өтіп жатыр?
- Сондай мерейтойдың бірі 2 қарашада ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толды.
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ақын - жазушы туралы не білесіңдер
- Өзен өлеңі не туралы?
- Көз алдыларыңа не елестейді?
- Өздерің өзенді көргендерің бар ма?
- Өзеннің табиғатқа, адам баласына тигізер қандай пайдасы бар?

Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады? жүктеу


Скачать


zharar.kz