М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
информатика пәнінің оқытушысы
Есенова Г.А.
Өтетін пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электронды кестесінде формуламен жұмыс
Сабақтың масаты:
А) білімділік: Оқушылардың Microsoft Excel электронды кестесінде формуламен жұмыс жасай білуді қалыптастыру. Берілген түрлі математикалық формулаларды есептеуді үйрету, сипаттауды үйрету, мәліметтерді пайдаланып, әртүрлі жұмыс әрекеттерін орындауды үйрету
Б) дамытушылық: Оқушылардың болашақ мамандықтарына, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, білім-білік, дағдыларын қалыптастыру;
В) тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу, жинақылыққа балу.
С) кәсіби: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу отырып, болашақ мамандығына байланысты кәсіби бағыт беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: Лабораториялық сабақ
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы ДОТ ,
Компьютерлік оқыту технологиясы КОТ ,
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы ДСОТ ;
Оқыту әдіс-тәсілдері: интерактивті, түсіндіре-баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, миға шабуыл әдісі, ой қозғау әдісі, салыстыру әдісі, ақпарат әдісі, көрнекілік әдісі, ойын әдісі, тест әдісі;
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, лабораториялық жұмыс нұсқасы, компьютер, қосымша материалдар, тест
Оқушы білу керек: - электрондық кестесінің терезе сипаттамасын,
- саймандар тақтасының қызметтерін,
- формулалармен жұмыс жасай білуді;
Оқушы меңгеру керек: - ұяшықтарды белгілеуді, блоктарды белгілеуді
- адрестерін ажырата білуді
- формула құруды;
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Информатикадан 30 сабақ , Бөрібаев, Балапанов
2. Информатика , М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева
3. Информатика негіздері , Г.Жапарова
4. Информатика , К.Беркінбаев.
5. Информационные технологии , О.Голицына
6. Халықты компьютерлік сауаттылық электронды оқу құралы.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру жұмыстары
1.1. Журналға белгі соғу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау;
1.2. Қызығушылықты ояту, ынталандыру. Топ мүшелерінің бір-біріне жақсы сөз айтуы. (комплимент)
1.3. Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру;
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау.
2.1. Жасырылған ұяшықтар әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру
ІІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі.
3.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
3.2. Жаңа ұғымдармен таныстыру (интерактивті тақта көмегімен көрнекі баяндау)
ІV. Ой толғаныс кезеңі.
4.1. Лабораториялық жұмыс нұсқасын тарату
4.2. Лабораториялық жұмысқа түсінік беру
4.3. Жұмыс барысын бақылау, талдау
V. Сабақты қорытындылау, бекіту
5.1. Ашық формадағы тест тапсырмалары
VІ. Үй тапсырмасын беру
VІІ. Бағалау
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру жұмыстары
1.1. Сәлемдесу. Алдымен оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды өз орындарына отырғызу. Зертхананың тазалығына көңіл бөліп, оқушылардың кітап-дәптерлерінің түгелдігін тексеру, сабақта жоқ оқушылардың себебін сұрап журналға белгілеу. Компьютердің, тақтаның ток көзіне дұрыс қосылғандығын тексеру.
1.2. Қызығушылықты ояту, ынталандыру. Топ оқушыларының бір-біріне жақсы сөз айтуы. (комплимент)
1.3.Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру
ІІ. ¬Өткен материалдарға шолу жасау, тірек білімдерге сүйену.
2.1. Жасырылған ұяшықтар әдісі бойынша тірек білімдерді еске түсіру
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырып бойынша теориялық білімдерін анықтау мақсатында. Деңгейлік тапсырма ретіне әр ұяшықтың арғы жағында бір-бір сұрақтан жасырылған
ІІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі.
3.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру
3.2. Жаңа ұғымдармен таныстыру (интерактивті тақта көмегімен көрнекі баяндау)
ІV. Ой толғаныс кезеңі.
4.1. Лабораториялық жұмыс нұсқасын тарату
4.2. Лабораториялық жұмысқа түсінік беру
4.3. Жұмыс барысын бақылау, талдау
1. Лабораториялық жұмысқа әзірлік
- оқушының компьютерлік үстеліне отыруы;
- компьютерді іске қосуы;
- лабораториялық таратпалардың берілуі;
- лабораториялық тірек білімді анықтау;
Тапсырмалар:
Лабораториялық жұмыс №8
Тақырыбы: Негізгі және қосалқы кестелері толтыру
Мақсаты:
- Кестеге мәліметтер жазу және оларды өңдеу;
- Адрестерді дұрыс көрсетуді үйрену;
- Кестені безендіру әдістерін меңгеру.
Теориялық мәлімет:
Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, А1:Н9 т.с.с сілтемелерді қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуі салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы арестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы. Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды.
Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 формуласын енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек деп қабылдайды. Егер D4 ұяшығын, яғни = D1+ D2 формуласын С4 ұяшығына көшірсек. С4 ұяшығына = С1+С2 формуласы, ал D5 ұяшығына = D2+ D3 формуласы автоматты түрде енгізіледі.
Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі бір ұяшыққа немесе сілтеме жасау қажет болса, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көлемімен жазылады. Мысалы, $С$15 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшығындағы мән пайдаланылады.
Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, Мысалы $С15 немесе С$15. Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық адресінің алдында ғана жазылса ($С15), бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (С$15) түріне жазылады.
Өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар
Microsoft Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтемелер мен Microsoft Excel функцияларынан тұрады. 2.1 А1 ұяшығына кестенің тақырыбын жазыңыз:
Кестенің тақырыбы деп сол кестенің бағаналар аты көрсетілген, жоғарғы қатарын айтамыз. Яғни есепті берілгені бойына:
- А1 ұяшығын № енгіземіз (кестенің бірінші бағанасының аты);
- В1 ұяшығына х енгіземіз (кестенің екінші бағанасының аты);
- С1ұяшығына k енгіземіз (кестенің үшінші бағанасының аты);
- D1 ұяшығына y1=x^2+1 енгіземіз (кесенің төртінші бағанасының аты);
- Е1 ұяшығына y1=x^2+1 енгіземіз (кестенің бесінші бағанасының аты);
- F1 ұяшығына y=k*(y1 y2) енгіземіз (кестенің алтыншы бағанасының аты);
- Бағаналардың енін барлық жазулар көрініп тұратындай етіп өзгертіңіз.
2.2.H1 ұяшығынан бастап берілгенді жазатын қосалқы кестені толтырыңыз:
x0 step k
-2 0,2 10
Мұндағы х0 – х-тің бастапқы мәні, step – х-тің өзгеру қаамы, k – коэффициент (const).
2.3.Автотолтыруды қолдана отырып, А2 ұяшығына А22 ұяшығына дейін 1-ден 21-ге дейінгі сандарды жазыңыз.
• Ол үшін А2 ұяшығына 1 санын, ал В2 ұяшығына 2 санын теріп жазыңыз;
• А2:В2 блогын белгілеңіз де, тышқанның курсорын осы блоктің оң жақ төменгі шетіне орналастырып, пайда болған қара түсті қосу белгісін А22 ұяшығына дейін жеткізген соң тышқанның батырмасын босатыңыз.
2.4.В бағанасына х-тің мәндерін жазыңыз:
• В2 ұяшығына =$H$2 адресін теріңіз;
Бұл абсолютті адрестеу В2 ұяшығына H2 (х-тің бастапқы мәні) ұяшығының мәні енгізілетінін көрсетеді.
• В3 ұяшығына =B2+$I$2 формуласын жазыңыз.
Бұл х-ің бастапқы мәніне 12 ұяшығының мәні, яғни қадам қосылатындығын білдіреді. Қадам тұрақты 0,2 те болғандықтан абсолютті адрестеуді қолданамыз.
• Осы формуланы И4:И22 ұяшықтарына көшіріңіз (автотолтыру функциясын, Түету Көшіру және Түзету Енгізу командаларын немесе саймандар тақтасындағы Көшіру, енгізу батырмаларының өзіңізге ыңғайлы біреуін қолдануға болады).
Нәтижесінде осы блок – 2 мен 2 аралығындағы қадамы 0,2-ге өсіп отыратындай шамалармен толтырулы керек (-2;-1,8;-1,6...2).
2.5.С бағанасына k коэффициентінің мәндерін жазыңыз.
* С2 ұяшығына =$J$2 абсолютті адрестерін жазыңыз.
* С3 ұяшығына =С2 формуласын теріңіз.
Осы формуланың жазылуын түсіндіріңіз.
*С3 ұяшығындағы формуланы С4:С22 ұяшықтарына көшіріңіз.
Коэффициент 10-ға тең болғандықтан, осы блоктағы ұяшықтарға 10 саны жазылуы керек.
2.6.D бағанасына y1=x^2-1 функциясының мәндерін есептеу формуласын өрнектеңіз.
Ол үшін:
* D2 ұяшығына =B2*B2-1 формуласын жазыңыз,
*осы формуланы D3:D22 ұяшықтарын көшіріңіз.
Нәтижесінде бағанадағы ұяшықтар бастапқы мәні 3 және соңғы мәні 3 болатын y1-дің оң және теріс мәндерін толтырылуы керек.
2.7. Дәл жоғарыдағы тәсіл бойынша Е бағанасына y2=x^2+1 функциясының мәндерін есептеу формуласын өрнектеңіз.
Нәтижесінде: барлық сандар оң және бастапқы шама 5 соңғы шама 5 болуы керек.
2.8.F бағанасын y=k*(x^2-1) (x^2+1) функциясының мәндерімен толтырыңыз.
*F2 ұяшығына =C2*(D2 E2) формуласын жазыңыз;
*осы формуланы F2:F22 ұяшықтарына көшіріңіз.
Нәтижесінде: Функцияның бастапқы мәні 6, соңғы мәні 6 оң және теріс сандар болуы керек.
Бақылау сұрақтар
1. Салыстырмалы, абсолютті, аралас адрестер деген не?
2. Қандай жағдайларда қолданылады?
3. Қаріптің (шрифт) форматын қалай өзгертуге болады?
4. Ұяшықтағы және блоктағы мәліметтерді туралау қалай жүзеге сады?
5. Кестенің ұяшығын немесе блогын қалай жиектеуге болады?
6. Кесте ішіндегі фондық түстерді таңдауың қандай тәсілдері бар?
7. Бағана бойынша ортаға туралау қалай орындалады?
V. Сабақты қорытындылау, бекіту
5.1. Ашық формадағы тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары
І вариант
1. Excel бағдарламасындағы кесте деректерінің қайсысы туынды деп аталады?
а) негізгі деректер
б) электрондық кестенің барлық деректері туынды болып табылады
в) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
с) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер
2. Excel бағдарламасында ұяшықтағы мәліметтерді қалай жоюға болады?
а) ұяшықты бөлектеу + пернесін басу арқылы
б) ұяшықты бөлектеу және пернесін басу арқылы
в) ұяшықты бөлектеу, тінтуірдің сол жақ батырмасын басу, пайда болған сұхбат терезесінде мазмұнды аластау әмірін таңдау арқылы
с) ұяшықты бөлектеу және көрініс - кәдімгі әмірін орындау арқылы
3. Excel ұяшығында қандай пішімдеуді қолдануға болады?
а) нұсқалардың бәрі дұрыс
б) мәтінді туралау және қаріп пішімі
в) деректер типі, ені және биіктігі
с) көмкеру мен бояу
4. Microsoft Excel - бұл ....
а) кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің қор көздерін басқаратын оның құрлысы
б) кесте түріндегі мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
в) кодтық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама
с) компьютердің қор көздерін басқаратын жүйелік бағдарлама
5. Excel бағдарламасындағы кестенің толтырылған ұяшығын екі рет шерткенде қандай режим белсенді болады?
а) ұяшық мазмұны көшіру режимі
б) егер деректер Өрнек болса, деректерді енгізу режимі
в) егер деректер Мәтін болса, деректерді енгізу режимі
с) ұяшық мазмұнын өңдеу режимі
6. Excel бағдарламасының өзтолтыру кестесінің көмегімен ........ болады
а) ұяшық мазмұнында өзгерістер енгізуге
б) сандар, күндер, тоқсандар және т.б. қатарын әзірлеуге
в) қарапайым есептеулерді өздігінен орындауға
с) күрделі есептерді өздігінен орындауға
7. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ..... белгіленеді
а) сандармен нөмірленіп
б) орыс әліпбиі әріптерімен
в) еркін түрде пайдаланушы тарапынан
с) латын әліпбиі әріптерімен
8. Excel бағдарламасында жаңа кітап жасау үшін не істеу керек?
а) құралдар үстелінде Ашу батырмасын басу
б) құралдар үстелінде Қайталану батырмасын басу
в) файл мәзірінде Жаңа әмірін орындау
с) файл мәзіріндегі Ашу әмірін орындау
9. Excel бағдарламасының жұмыс парағындағы жолдың дұрыс белгіленуі
а) A1
б) DD
в) 21A
с) 18
10. Excel бағдарламасын қандай әмірлер көмегімен іске қосуға болады?
а) бастау – бағдарламалар – Windows каталогы
б) бастау – бағдарламалар – MICROSOFT OFFIICE - MICROSOFT OFFIICE EXCEL
в) бастау – бағдарламалар - қалыпталған
с) бағдарламалар - MICROSOFT OFFIICE - MICROSOFT EXCEL
Тест тапсырмаларының жауаптары
І вариант
1)В, 2)Б, 3)А, 4)Б, 5)С, 6)Б, 7)С, 8)В, 9)С, 10)Б
Тест тапсырмалары
ІІ вариант
1. Excel бағдарламасы кестесіндегі ұяшықтар ауқымын қалай бөлектеуге болады?
а) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
б) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
в) өңдеу – өту – бөлектеу әректтерін орындау арқылы
с) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
2. Excel бағдарламасының жұмыс парағындағы бағаның дұрыс белгіленуі .....
а) A12
б) AB
в) 21
с) FAS
3. Excel бағдарламасы біртекті деректер бірізділігін өздігінен жалғастыра ала ма?
а) тек натурал сандар бірізділігін ғана
б) тек күндер бірізділігін ғана
в) иә
с) жоқ
4. Excel бағдарламасындағы ұяшыққа қандай деректерді енгізуге болады?
а) сан
б) мәтін
в) өрнек
с) аталғандардың бәрі
5. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы ұяшығының мекенжайы неден құралатынын көрсетіңіз?
а) жол нөмірінен
б) баған атауынан және жол нөмірінен
в) баған атауынан
с) баған нөмірінен
6. Excel бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды қалай бөлектеуге болады?
а) өңдеу – өту – бөлектеу әрекеттерін орындау арқылы
б) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
в) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
с) бірінші ұяшықты шертіп, пернесін басып тұрып, басқа ұяшықтарды шерту арқылы
7. Excel бағдарламасындағы кесте деректерінің қайсысы туынды деп аталады?
а) негізгі деректер
б) электрондық кестенің барлық деректері туынды болып табылады
в) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болатын деректер
с) басқа ұяшықтар бойынша анықтауға болмайтын деректер
8. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында бағандар атауы .... белгіленеді
а) еркін түрде пайдаланушы тарапынан
б) сандармен нөмірленіп
в) орыс әліпбиі әріптерімен
с) латын әліпбиі әріптерімен
9. Excel бағдарламасындағы кесте ауқымдарының дұрыс белгіленуін атап көрсетіңіз?
а) 1А
б)А:А2
в)23:4ДЕ
с) А1:В2
10. Excel бағдарламасындағы кесте ауқымы – бұл ...
а) бір бағаның барлық ұяшықтары
б) кестедегі тікбұрыш пішімді құрайтын торлар жиынтығы
в) бір жолдың ұяшықтарының бәрі
с) мүмкін болатын көптеген мәндер
Тест тапсырмаларының жауаптары
ІІ вариант
1)Б, 2)А, 3)В, 4)С, 5)Б, 6)Б, 7)В, 8)С, 9)С, 10)Б
VІ. Үй тапсырмасын беру
Теориялық:
Microsoft Excel графикалық мүмкіндікері тақырыбында конспекті жазу Информатика , М.Байжұманов, Л.Жапсарбаева, 104-бет;
Практикалық: Еркін математикалық өрнек бойынша формуламен жұмыс жасау;
Ізденушілік: Электрондық кестеде формуламен жұмыс тақырыбына интернеттен материалдар іздену;
VІІ. Бағалау
А) Деңгейлік тапсырмалар бойынша алынған ұпай санын есептей отырып
Б) Лабораториялық жұмыс қорытындысы бойынша
В) Тест қорытындысы бойынша
VІІІ. Сабақтың соңы.
- оқулықтарды жинау
- компьютерді техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша өшіру