Бір орында тұрып ұзындыққа секіру

Скачать

Тақырыбы: Спорттық жарыс Мен әскерде қызмет етуге дайынмын.
Мақсаты:
- Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- Дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға насихаттау.
- Оқушылардыңөздерініңденетәрбиесімендайындықтарыныңдеңгейінанықтауғаықпалжасау.
- Оқушыларды оқу, еңбек, әскери қызметтерге дайындау, патриоттық сезімін оятуға тәрбиелеу.
Мен әскерде қызмет етуге дайынмын атты спорттық жарысқа 9, 10, 11 сыныптарынан (ұлдар) бір - бірден команда қатысады. Команда құрамы 5 адам.
Жарыстың өтетін орны және уақыты
Жарыс мектеп спорт залында өтеді.
Жарыстағы сынақтардың түрлері
Жарыстағы сынақтармен нормативтер
Жарыс негізінен 13 жаттығудан тұрады, дене тәрбиесінің дайындығының ережесіне сай өтеді. Спорттық жарыс Мен әскерде қызмет етуге дайынмын .

1. жаттығу. Бағыт өзгертіп жүгіру. 10, 10метр.
Белгіленген екі сызықтың қашықтығы 10м. Жоғарғы стартта жүгіріп өтіп, сызыққа аяғын тигізіп, кейін бұрылып жүгіру. 10рет қайталау. 27секунд 5 ; 28секунд 4 ; 29секунд 3 .

2. жаттығу. Биік турникте тартылу.
18рет 5 ; 16рет 4 ; 12рет 3 .

3. жаттығу. Шапшаңдыққа арналған комплекстік жаттығулар.
Жоғарғы старттан команда бойынша 10м, жүгіріп, секіріп бұрылып алға екі рет домалап 10м, жүгіріп өту. 10секунд 5 ; 10, 6секунд 4 ; 11, 2секунд 3 .

4. жаттығу. Брусьяда тербеле тұрып, қолды бүгіп, жазу. Алға қарай ұмтылғанда қолды бүгу, артқа қарай ұмтылғанда қолды жазу.
9рет 5 , 6рет 4 , 4рет 3 .
5. жаттығу. Гир көтеру. 30рет 5 . 27рет 4 , 24рет 3 .

6. жаттығу. Брусьяға қолын тіреп, аяғын түзу тіреп бұрыш жасау.
10секунд 5 , 8секунд 4 , 6секунд 3 .

7. жаттығу. Комплексті күш қуатына арналған жаттығулар 1минут орындалуы керек. Алғашқы 30секундта шалқадан денені көтеру, келесі 30секундта денені бұрып үзіліссіз қолды бүгіп жазу. Отжимание 48рет 5 , 44рет 4 , 40рет 3 .

8. жаттығу. Ұз - н қойылған гимн. Аттан аяқты ашып секіру.(Биіктігі 115.)
9. жаттығу. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
240см 5 , 220см 4 , 185см 3 .

10. жаттығу. Айып добын бес лақтыру.
3 рет 5 , 2 рет 4 , 1 рет 3 .
11. жаттығу. Арқан тартыс. Командалық.
12. жаттығу. Тұрмысқа арналған сайыс: ілгек қадау, картошка тазалау.

13. жаттығу. Противогаз кию.
Алған ұпайларына қарай сайыскер төмендегі ұпайға ие болады: өте жақсы – 3 ұпай, жақсы – 2 ұпай, қанағаттанарлық – 1 ұпай.
Жеңімпаздарды мадақтау
Жарыста 1-орынды жеңіп алған команданы көшпелі кубокпен, жеке сайыстың жеңімпаздарын дипломдармен марапаттайды.


Скачать


zharar.kz