Әрқайсының жасы нешеде

Скачать

Интеллектуалдық конкурсқа арналған тапсырмалар (6 - 7 – сыныптар)
1. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді. Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жындана жаздады. Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды?
A 14
B12
C13
D11
2. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды?
A 3
B 2
C 4
D5
3. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырымды құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22 - де. Жолаушылар жастары 7 мен 48 - дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?
A22
B 21
C20
D 25
4. Моторлы қайық су ағысының бойымен 28 км, ағысқа қарсы 25 км жүзгенде тынық суда 54 км жүзгендегідей уақыт жұмсады. Егер ағыстың жылдамдығы 2 км сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
A 11 км сағ
B 13 км сағ
C 12 км сағ
D 14 км сағ
5. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі. Ләззат 7 жігітпен, Гүлзат 8 жігітпен, Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мерекеге келген барлық жігітпен би биледі. Наурыз мерекесінде қанша биші жігіт болған?
A 13
B 12
C 10
D 9
6. Ақындар айтысында барлығы 38 қыз бен жігіт көңіл көтерді. Олардың 16 - сы өлең айтса, 18 - і домбырада ойнады. Оның ішінде төртеуі өлең айтып, би билей алса, ал үшеуі өлең айтып, домбырада ойнай алады екен.
Жастардың қаншасы өлең айтып, би билеп, домбырада ойнай алды?
Олардың қаншасы аталған өнердің біреуін ғана игерген?
A18
B16
C19
D21
7. Ертеде бір мұсылман жаяу Меккеге сапар шегіпті. Өйткені хажылыққа бару мұсылманның бір парызы. Ол күніне 40 км жер жүріпті.
Ал екінші бір сапаршы одан бір күн кейін шығып, күніне 45 км жүріп отырған.
Қанша күннен кейін сапаршы мұсылманды қуып жетеді?
A8
B7
C7
D6
8. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік?
A батыста
B шығыста
C оңтүстікте
D барлық жері бірдей
9. Атадан он баламыз
Бір - бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
A әріптер
B дыбыстар
C цифрлар
D ара ұясы
10. Жұмбақтың жауабының сипаттамасын табыңыз Отқа жанбас суға батпас
А заттың қатты күйі
В заттың сұйық күйі
С заттың құрғақ күйі
Д заттың дымқыл күйі
11. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды. Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?
A 13
B 15
C 17
D 18
12. Үлкен ағасында 2кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеледі
A 3
B 10
C 5
D 2
13. Фигуралар сандармен белгіленген болса, онда төмендегі суретке қай жауап сәйкес келеді.
А 338
131
388
В 331
838
811
С 113
383
188
Д 881
313
811
14. Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
A 123
B 127
C 129
D 130
15. Моторлы қайық су ағысының бойымен 105 км жүргенде, осы жолды ағысқа қарсы жүзгендегіден 2 сағ. жылдам жүзді. Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 18 км сағ болса, су ағысының жылдамдығын табыңыз.
А 3 км сағ
В 2 км сағ
С 1 км сағ
Д 5 км сағ
16 Ең еңбекқор, сезімтал, қоғамшыл жәндік
А қаңқыз
В құмырсқа
С өзен шаяны
Д шегіртке
Е дәуіт
17 Қай айда 28 күн бар
А қаңтар
В ақпан
С барлығында
Д тек біреуінде
18 Отқа жанбайтын, суға батпайтын не
А тұз
В мұз
С батыр
Д ерлік
19 Суды күн, күнді құм ауыстырған қандай өлшеуіш еді
А бірлік
В уақыт
С табиғат
Д шөлейт
20 Ең көп адамдардың ана тілі болып табылатын тілді ата
А ағылшын
В қытай
С туған тіл
Д орыс
21 Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
Неше стакан қалды?
А0
В1
С2
Д 3
22. 6 палатка тігу үшін ені 1, 2 болатын 120 м брезент керек. Ені 1, 5 болатын сондай 4 палатка тігу үшін неше метр брезент керек?
А 64 м В 60м С 100м Д 96 м
23. 10 011 + 100 110 010 өрнегінен 0 - мен 1 - ді ауыстыруға рұқсат етіледі. Солай неше алмастыру жасап, 18 - ге бөлінетін санды шығаруға болады.
А 1 В 2 С3 Д 4
24 Ондық цифрлары бірліктер цифрларынан үлкен болатын қанша екі
таңбалы сан бар?
А 35 В 45 С 50 Д 48
25 Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше
әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?
А 12
В 1
С 60
Д 3
26 Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсының жасы нешеде?
А 36; 12
В 27; 9
С 45; 15
Д 27; 3
27 Бірінің ізін бірі басады, Біріне жеткізбей, бірі қашады.
А көлеңке
В дөңгелек
С аяқ
Д іздер
28. Бір мектепте үш дос: дәрігер, мұғалім, ақын. Олардың фамилиялары: Боранбаев, Имашев, Саматов. Дәрігердің інісі де қарындасы да жоқ, ол достарының ішіндегі ең кішісі. Саматов мұғалімнен үлкен және Боранбаевтың қарындасына үйленген. Дәрігердің, мұғалімнің, ақынның фамилияларын атаңдар.
А Имашев – дәрігер, Боранбаев – мұғалім, Саматов – ақын.
В Имашев – мұғалім, Боранбаев – ақын, Саматов – дәрігер.
С Имашев – ақын, Боранбаев – мұғалім, Саматов – дәрігер.
Д Имашев – ақын, Боранбаев – дәрігер, Саматов – мұғалім.

29. Аумағы 12 шаршы метр болатын киіз үйге
көлемі 5, 4, және 3 шаршы метрлік
әдемі кілемдер төселген. Бірақ кілемдер бірінің үстіне бірі төселген.
Бірінші және екінші кілемнің алып жатқан аумағы 1, 5 шаршы метр.
Ал барлық төселген кілемнің алып жатқан аумағы 0, 5 шаршы метрге тең.
Киіз үйге кілем төселмеген аумақтың көлемі қанша екенін табыңдар.
А 4, 5 шаршы бірлік
В 4 шаршы бірлік
С 5 шаршы бірлік
Д 3, 5шаршы бірлік
30. Бір жанұяда 6 мал болды. Қой 10 үйме, ат - 3 үйме, айғыр - 2 үйме, құлын - 1 үйме шөп жеді. Бір күні оларға бір ағайындары қонаққа келіпті. Әңгіме үстінде үй иесі қонаққа өзінің малдарын қалай тамақтандыратынын айтады. Қонақ оны естіп ойланып қалады.
Қорада қанша ат, айғыр, құлын бар екенін есептеп, қонаққа көмектесіп жіберіңдер.
А 1 ат, 1 айғыр 1 құлын
В 3 ат, 1 айғыр, 2 құлын
С 2 ат, 1 айғыр, 3 құлын
Д 1 ат, 2 айғыр, 2 құлын

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филолог, ғылым магистрі
Аймуханбетова Гульназ Ахметовна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz