Әбдібек Жаманбаев
Дүниенің байлығы -
Азаматтың аманы,
Ауырған тәнге бәрібір
Сыр қостың жақсы - жаманы.
Емханаға келіп ем,
Дімкәсім болып шамалы.
Іші суық қақаған,
Бір бөлмеге қамады.
Жата кеттім, қайтейін,
Болмады босқа амалы
Сөйтіп, шалың елемей
Суықтан болған жараны.
Арық қойдан жемдеген,
Бір күнде қолға қарадым.
Арпаның екен кашісі -
Беретін тәуір тамағы,
Қарныңды кептіріп,
Ішегіңді жарады.
Қартайғанда Құдайдың
Бұл не деген мазағы?!
Жыласаң тағы дегендей
Укол дейтін инесін
Тағы әкеліп салады.
Ішіндегі дәрісі
Шаяннан жаман шағады.
Қоярға өзін жер таппай,
Шыбын жан шырыл қағады...
Айтып - айтпай не керек,
Сақтағай Алла кәрінен.
Қайран менің өз үйім -
Артық екен бәрінен!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке