Палеолит тобына сұрақ

Скачать

Қазақстан тарихы
Сынып: 6 а , б , в
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Түрі: жарыс сабақ
Әдіс - тәсілдері: топпен жарыс, сұрақ – жауап, танымдық ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ.
- Оқушыларды топқа бөлу. Әділ - қазыларын тағайындау.
- 1 - топ Палеолит
- 2 - топ Мезолит
- 3 - топ Неолит

1 - кезең. Сенемін – сенбеймін . Шарты: әр топқа кезекпен төрт – төрттен 12 сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. Әр дұрыс жауап 2 - ұпаймен есептеледі.

Палеолит тобына сұрақ.
Тарих – адамзаттың басынан өткен оқиғаларды зерттейтін ғылым. Тарих сөзі арабша зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме деген мағына береді. (сенемін)

Мезолит тобына сұрақ.
Тұрақ – тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. (сенемін)

Неолит тобына сұрақ.
Археология – заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше архео - көне, логос - зерттеймін деген мағынаны білдіреді. (сенемін)

Палеолит тобына сұрақ.
Микролит – қола құралдардың өндіріске енген кезеңі. (сенбеймін)

Мезолит тобына сұрақ.
Мұз дәуірі – б. з. б. 100 - 13 мыңж. Орта палеолит пен мезолит аралығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең. (сенемін)

Неолит тобына сұрақ.
Синантроп – ақыл – ой қабілеті мен дене құрылысы бойынша алғашқы жаратылысынан әлдеқайда жетілген адам. (сенбеймін)

Палеолит тобына сұрақ.
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал (сенемін)

Мезолит тобына сұрақ.
Терімшілік – жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың жұмыртқасын жинап қорек ету. (сенемін)


Неолит тобына сұрақ.
Ретушь – ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын құрал. (сенбеймін)

Палеолит тобына сұрақ.
Мамонт - палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл. (сенемін)

Мезолит тобына сұрақ.
Этнография – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы (сенбеймін)

Неолит тобына сұрақ.
Питекантроп – б. з. б. 1 млн. жыл бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит адамы. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралынан табылды. Миының көлемі – 950 см. 3. (сенемін)

2 - кезең. Жұмбақ жылдар . Шарты: берілген жылдарда қандай тарихи оқиға болғандығын айту керек. Дұрыс жауап бір ұпай.

Палеолит тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн.- б. з. б. 40 мың жыл. (ерте палеолит кезеңі)
2. Б. з. б. 140 – 132 мың жыл бұрын (Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты)
3. Б. з. б. 3000 – 1800 жыл (энеолит кезеңі)
4. Б. з. б. 3 - 2 мыңж. (Ботай тұрағының мерзімі)

Мезолит тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн. – 800 мыңж. (олдувэй кезеңі)
2. Б. з. б. 40 - 12 мыңж. (кейінгі палеолит кезеңі)
3. Б. з. б. 30 - 25 мыңж. (Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағының уақыты)
4. Б. з. б. 12 - 5 мыңж. (мезолит кезеңі)

Неолит тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)
2. Б. з. б. 40 – 30 мыңж. ( саналы адам )
3. Б. з. б. 100 – 13 мыңж. (мұз дәуірі кезеңі)
4. 1856 ж. ( неандерталь адамы табылды)

3 - кезең. Сен маған – мен саған . Шарты: үш топ бір – біріне үш сұрақ қояды. Дұрыс жауап бір ұпай.

4 - кезең. Ежелгі адамдар елінде . Шарты: топқа түскен адам туралы толық мағлұмат айту. Дұрыс, әрі толық жауап 3 ұпай.

Палеолит тобына сұрақ.
Кроманьон - адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Миының көлемі – 1500 - 1800 см. 3, бойы – 1, 68 – 1, 94 метр, жасы б. з. б. 40 мыңж.

Мезолит тобына сұрақ.
Неандерталь – 1856 жылы Германияның Неандерталь жотасынан қазып алынған орта палеолит кезеңінің адамы. Табылған жерінің атына байланысты неандерталь адамы деген атау алған.

Неолит тобына сұрақ.
Синантроп – ерте палеолитте өмір сүрген тік жүретін адамның екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см. 3, жасы б. з. б. 1 миллион жыл. Кейде синантропты Қытай адамы деп атайды.

5 – кезең. Сандар сөйлейді . Шарты: жылдар айтылады. Дұрыс жауап саны 2 ұпай.
Палеолит тобына сұрақ.
- 1 млн. 750 мың (епті адам)
- б. з. б. 2, 6 млн. – б. з. б. 40 мыңж. (ерте палеолит)
- б. з. б. 140 – 40 мыңж. (мустье кезеңі)
- б. з. б. 100 – 35 мыңж. (неандерталь адамы)

Мезолит тобына сұрақ.
- 1 – 2 сантиметр ( микролит)
- 1938 жыл (Тесіктас үңгірі, неандерталь баласы)
- б. з. б. 10 мыңж. бұрын (егіншілік пайда болды)
- б. з. б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)

Неолит тобына сұрақ.
- б. з. б. 800 - 140 мыңж. (ашель кезеңі)
- 7 метр – (мустье кезеңіндегі Ш. Уәлиханов тұрағының қалыңдығы)
- 150 тұрақ ( неолит кезеңінің Жезқазған өңірінен табылған тұрақтар саны)
- 15 гектар, 158 тұрғын үй (Ботай тұрағының аумағы, тұрғын үй саны)

ІІІ. Қорытындылау. Ұпайлар санын есептеп жеңімпаз топты анықтау.
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма.
- тарауды толық қайталау;
- кескін картаны толтыру.


Скачать


zharar.kz