Күтілетін нәтиже: CLIL әдісі бойынша үштілділікті енгізу.
Сабақ тақырыбы: Диффузия
7 сынып
Мақсаты: Диффузия жайлы мағлұмат беру.
І. Ұйымдастыру 3 мин
1. Сәлемдесу: Физика пәні мұғалімі: Good morning, dear pupils! How are you?
2. Топқа бөлу: Қиынды қағаздар бойынша топқа бөледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
Сұрақтар бойынша үй тапсырмасын тексереді.
Сұрақтар: 1. Заттың ең кіші бөлшегі не?
2. Заттың неше күйі бар?
3. Үш түрлі күйде кездесетін затты ата.
ІІІ. Топтық жұмыс
(оқулықтағы мәтінмен жұмыс) 10 мин
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында электрондық оқулықтан эксперименттік жұмыс арқылы ой - қозғау сұрағы берілді: Молекулаларына байланысты не айтуға болады?
ІV. Сергіту (2 мин)
V. Жұптық жұмыс
Эксперименттік тапсырма (10 мин)
Оқушыларды екі топқа бөліп орындарынан тұрып қозғалуға шақырады. Топ мүшелерін қозғалып бір - бірімен араласуға шақырады.
Үстелдің үстіне қызанақ, қияр, тұз, салқын су, жылы су, сұйық май, сүт тағамдарды қояды. Осы заттардың ішінен екі затты таңдан араластыруды ұсынады және эксперимент жүрісін үш тілде әңгімелеп беруді ұсынады.
Мысалы:
І топ:... Қандай құбылысты байқадыңыз?
ІІ топ:... Не байқадыңыз?
ІІІ топ: Екі стакан аламыз біреуіне салқын су, екінші стақанға ыстық су құйып екі стаканғада секер саламыз. Сонда не байқағандарыңызды түсіндір.
"Бейнеу гимназиясы" КММ – нің
жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі
Пән мұғалімі: Максымбаева Шолпан Жаңбырхановна
Диффузия. жүктеу