Тақырыбы: ExceI менюімен жұмыс атқару
Мақсаты:
Білімділік: Сабақта Excel программасының негізі түсініктерімен таныстыру, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу жолдарымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: программалау негіздері
Көрнекті құралдар. оқулықтар, компьютер, буклет
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
1. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?
2. Excel программасы қалай іске қосуға болады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. ExceI менюімен жұмыс атқару
2. Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу
3. Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу
4. Ұялар ішіндегі мәлімет
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық:
Қатар нөмірі - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының (жолдарының) сол жақ шетінде жазылған нөмірі.
Бағана әріпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) белгілейді. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.
Бағаналар А - Z, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ және сол сияқты болып белгіленеді.
Ұя(тор)- электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор бағана әріпі мен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады. Мысалы, В3 - В бағанасымен 3 - қатардың қиылысындағы ұя дегенді білдіреді.
Ұя сілтемесі (көрсеткіші) – жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұратын төртбұрышты теңбіл тор таңба. Теңбіл тор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріп отырады.
Ағымдағы ұя ( немесе үстіміздегі ұя, екпінді ұя) – теңбіл тормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс - әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.
Блок (ұялар жиыны, аумағы) – тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны. Ол бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан немесе тіктөртбұрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Мысалы: В13: D19 блогы – бұл В13 D13 D19 В19 В13 торларымен шектелген ұялар жиыны, А1: Н1, А1: А20, А12: D27 немесе D: F – D, E, F бағаналарының барлық торлары, т. с. с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командалар орындау сәттерінде блокты диогональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. ExceI электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан
(16 парақ ) тұратын кітап тәрізді. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде қалған кітап беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге мүмкіндік бар.
Кестені, блоктарды, қатарларды және бағаналарды белгілеу. Кестенің осы объектілері олармен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай белгіленеді:
бағананы белгілеу – бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып, оны бір рет сырт еткізу;
бірнеше бағана белгілеу – алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды оңға немесе солға жылжыту;
қатарды белгілеу – қатар нөміріне сәйкес санды тышқанмен белгілеп алып, оны бір рет сырт еткізу:
бірнеше қатарды белгілеу - алдыңғы сырт еткізілген тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, курсорды жоғары не төмен жылжыту;
блокты белгілеу – тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұясына жеткізу арқылы;
жұмыс парағын толық белгілеу – тышқан курсорын бағана аттары мен қатар нөмірлерінің қиылысу нүктесінде, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып барып, оны бір рет сырт еткізу арқылы орындалады.
Пернелер көмегімен блокты белгілеу үшін Shift пернесін басулы күйінде ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына бағыттаушы арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін пайдаланамыз. Esc пернесі белгілеуді тоқтату үшін қолданылады.
Бір - бірімен қатар орналаспаған бөлек жатқан блоктарды белгілеу қажет болғанда, былай істеу керек.
- алғашқы ұяны немесе қатар орналасқан ұялардан тұратын бір блокты белгілеп алу керек;
- Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұру;
- келесі бөлек орналасқан ұяны немесе блокты белгілеу, т. с. с.
- Ctrl пернесін қоя беру;
Белгілеуді алып тастау үшін тышқан курсорын белгіленбеген кез келген ұяға жеткізіп, оны бір рет сырт еткізсе болғаны. Торларды жаңаша белгілеу де бұрынғы белгілеулерді жояды.
Ұялар ішіндегі мәлімет
Excel кестелерінде кез келген ұяға мәліметтердің үш түрін енгізуге болады, олар: текст, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелерінің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтің формула, сан және текст екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе ‘’’’’ (апостроф) болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші симфол цифр немесе = болса, онда ол ұяға формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе формула қатарында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелерінің бірін басқан кезде аяқталады.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Электрондық кестелер не үшін арналған?
2. Қай информация бастапқы деректер, ал қайсы – нәтижелер деп аталады?
3. Электрондық кесте ұяшығының адресі дегеніміз не?
Ү. Үйге тапсырма: 279 - 282 бет