I. Сабақтың тақырыбы: Тармақталу программасын құру
II. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Шартты және шартсыз операторларды пайдаланып программа құру және компьютерде нәтижесін алу.
б) дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолданып, ойлау қабілеттерін дамыту.
в) тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
III. Сабақтың көрнекілігі:
Информатика пәнінің электронды оқулығы, карточкалар, схемалар, слайд
IV. Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
V. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
VI. Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеп, оқу - құралдарының дайындығын қадағалау.
2. Еске түсіру кезеңі.
Электронды оқулықты пайдаланып, компьютермен оқушыларға тармақталу командасы және оның түрлері жөнінде түсінік беріп, өтілген материалдарды естеріне түсіру.
3. Сынып оқушыларын топтарға бөлу.
Топтың аты түсіндіріліп, оқушылар болашақта қандай мамандықты таңдауына сәйкес бөлінеді.
I топ информатиктер - теориясы жөнінде түсінік береді.
II топ программистер - программа құрады
III топ тестировщиктер - тестіге жауап береді.
IV операторлар - программаны компьютерге жазып, нәтижесін шығарады.
4. Мамандықтарына сәйкес әр топқа тапсырмалар беріледі.
а) информатиктер тобына қойылатын сұрақтар:
1. Тармақталу командалары деген не?
2. Тармақталу командалары қандай операторларға бөлінеді?
3. Операторлар программада қалай жазылады?
4. Оператордың қызметін түсіндіріп бер?