Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы
Б.Кейкиев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кузенбердиева Айгуль Ногаевна
Ана тілі 1 сынып
Тақырыбы Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар
Мақсаты
Оқу – жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту
Міндеттері
• Мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету
• Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анықтау
• Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
• топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
• жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
• әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер Сөздердегі дауысты дыбыстарды анықтауға мүмкіндік алады, ажыратады
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру 3 мин.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу
Ү
й тапсырма - сын тексеру 3 минут
Ауызша сұрау. Миға шабуыл сұрақтар қою.
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Дауысты дыбыстарды ата.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Көркем жазу 3 мин.
Дәптерге Т т көркем жазу
Зерттеу жұмысы 5 мин.
1 - тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып оқы.
1. Ат - ада... ның қана... ы.
2. Сиы... дың сү... і тілінде.
3. Ең зор түлік - тү... емін,
Тікенді шө... ті сүйемін.
Жаңа сабақ 5 мин
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – дауыссыз дыбыстар, төрт түлік.
17 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Оқулықпен жұмыс 10 мин.
2 - тапсырма: 18 - жаттығу
Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады.
- Дауыссыз дыбыстарды тап, астын сыз.
- Сөздерге дыбыстық талдау жаса
- Сөздерді буынға бөл
Жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Төлді қалай шақырады өлеңін мәнерлеп оқып, өз топтарына байланысты шумағын табу, не туралы екенін әңгімелеу.
Ұйқасты сөздерді тап. Оқулықтан өлеңді оқиды. Топта не туралы екенін талқылайды. Әр топтан бір оқушы мазмұнын айтады. Өз топтарына байланысты айтылған шумақты табады.
Сергіту сәті 1 минут
Таң әлі атқан жоқ,
Манай әлі қаранғы
Әтеш ерте оянып,
Жан – жағында қарады.
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку - ка - ре - ку тур - турлап,
Оятады баланы.
Шығармашылықпен жұмыс 10 мин.
Сәйкестендіру тесті орындау. Сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Қой, сиыр, жылқы, түйе
Қой, си - ыр, жыл - қы, тү - йе
о, и, ы 2ы ү, е
қ, й с, р ж, л, қ т, й
ІҮ Сабақты қорытындылау 3 мин.