Тәрбие сағатының тақырыбы: Анам менің – өмірдегі тірегім
Мұғалім: Қазақ қашан да ананы құрмет тұтқан. Құрмет тұтпаса Жұмақ ананың аяғының астында , Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың деген сөздер бізге жетпес еді. Иә, ананың қоғамдағы орнының қаншалықты маңызды екенін бүгінгі уақыт та көрсетіп отыр.
Ана... Әрбір адам осы керемет күміспен қапталып, алтынмен апталған АНА деген сөзді естіген сәтте - ақ жүрегі дір етеді. Сен осы дүниеге шыр етіп келген сәтте анаң "Бауыр етім балам",- деп ақ сүтін беріп, аялап, менің балам керемет деп мақтан тұтады.
Ана – өмірдің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Олай болса, көктемгі күндей құлпырған аналар мен ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын!
Хор: Құттықтаймын, ана туған күніңмен!
1 - оқушы
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.
2 - оқушы
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген.“Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым
3 - оқушы
“Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдірет те.
Ана – тірек, тіректі сен құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт.
4 - оқушы
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Мерекеңіз құтты болсын анажаным,
Өзіңменен атып келед әрбір таңым.
Өмірде сенен асқан жан бар ма екен,
Алтын анам, аяулы менің, ақ мамам.
Хор: Ана туралы жыр
5 - оқушы
Баласы үшін анасы бармайтын қиындық бар ма?
Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін - өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Мына өмірде бақыт жоқ қой мен білсем,
Анашымның еркелеткен сөзінен.
Еркем, күнім деп қана күліп жүрсең,
Бұдан өзге бақыт жоқ қой мен білсем.
6 - оқушы
Ал баланың анаға деген махаббаты қандай?
Ананы барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан - жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалай білейік
Анам менің – өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
7 - оқушы
Ананың көзінен нұр төгіліп, жан - жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
Ұрпаққа бақыт сыйлаған
Тілейтұғын сырттай жүріп бақ саған,
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ақ анашым әрқашан да бол аман!
Халық әні: Еркем - ай
8 - оқушы
Аналар – ауасы мен суы, тасы мен құмы арғы дүниеден жеткізілген, киелі топыраққа біткен ғажап гүлдер тәрізді тартымды. Бойына даналық дарыған. Аналардың жан сарайын ұғынған сайын олардың күндізі мен түнін шуаққа бөлеген, жаныңды елжіретер мейіріміне қайран қаласың.
Шырылдап дүние есігін мен ашқанда
Қасымда болдың алғаш сен анашым.
Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда
Мейіріммен жақсы көрген баласын.
8 - оқушы
Мәңгілік бақыттың алтын арқауы болатын шексіз рақымға бөлену ананың ризашылығынан бастау алатынын түйсінген сайын бойды кернеген сиқырлы сезімнің жетегінде ананың мейірім құшағына қойып кетуді кім армандамайды?! Көңіл құлазып, жігеріміз жаншылған талай сәтте ананың бойындағы сарқылмас қуаттан нәр алып, қанаттанған кездеріміз қаншама?!
Жалғызым жанашырым жаным анам,
Ойласам сенсіз менің күнім қараң.
АЛЛА - ға мың шүкірлік етемін мен,
Қасымда әрқашанда болса анам.
9 - оқушы
Табиғатына тән айрықша қасиетпен баласы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимейтін мейірбан анадай адам бар ма?. Сонысымен де ананың ақ пейілі жаратылыстағы ең адал әрі пәк сезімге баланады. Мұндайда адам ананың ақ - адал пейілінен ерекше жылылық пен жанашырлық сезініп, керемет күш алады.
Жан көрмедім мейірімді сенен асқан,
Күлімдесе жүзінен арай шашқан.
Баласына бар қамқорлық жасайды ана,
Мен ананың сонысына мақтанам.
10 - оқушы
Иә, ананың бойындағы шынайылықты, ыстық ықыласты, жүрегінің сүйіспеншілікпен лүпіл қағуын, жанарындағы жанашырлықты тілмен айтып жеткізу тіптен қиын.
Мына әлем, әдемі гүл сұлу емес өзіңсіз,
Жарық берер алтын күн де, сен болмасаң көңілсіз.
Ана барда қуанасың, сайран салып жүгіріп,
Анаң жоқта отырасың тым үнсіз.
Күй: Айжан қыз
11 - оқушы
Иә, адам болып аяққа тұрғанша өмірдің барлық кезеңінде анамыз қашан да жанымыздан табылды. Маңдайымызға шаң жуытпай айналып - толғанып, мәпелеп өсірді. Қамықсақ, бірге қайғырды. Кимегенін баласына кигізіп, жемегенін баласының аузына тосты
Қамқоршысыз, бәрімізге панасыз,
Ауырғанда қасымызда боласыз.
Қанша байлық тұрса - дағы алдымда.
Бұл әлемде мен үшін сіз дарасыз,
12 - оқушы
Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады демекші, жүрегі баласы үшін лүпіл қағып, баласының бақыты жолында ештеңеден аянбайды. Баласының дені сау, мықты болуы үшін жан сала тер төгеді. Ой - өрісіміздің кеңейіп, саналы болып өсуімізге дәнекер болған алғашқы ұстазымыз да аналар.
Арманыңды ақтармын ба жүрегімді тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен.
13 - оқушы
Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкім де ешуақытта өтеу алмасы хақ. Алайда, оның есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы. Ананың орнын ешкім баса алмас. Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмас. Анаға қаншама ән шырқалып, жыр жазылды.
Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар бәлкім басын иді көк маған,
Әр кез сеннен туғанымды есіме алсам тоқтаман.
14 - оқушы
АНА, АНА, АНА! Не деген мейірімді, шапағатты сөздер еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңші! Сезім мен қасиетті бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен? Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен жаралған,
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың.
Ән: Ақ мамам
15 - оқушы
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Адам “адам” болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек.
Өмірде ана алақанының қызуы мен әке - шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.
16 - оқушы
Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрің берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Келесі кезекте аналарға арналған ән шашу, оқушылардың өнерлерін тамашалайды.
Құрметті аналар, ешқашан қартаймаңыздар, көктемгі гүлдей құлпырып жүріңіздер дей отырып өздеріңізге арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.