Ескен Елубаевтың өлеңіАтасы айтты

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Атасы айтты: - Қарғам,- деп
Жігіт болып қалған, - деп
Кем болмайды қайткенде
Әке тілін алған,- деп.

Қазір бәрі білімде,
Жаман болмас күйіңде,-
Баласынан айналып
Сыймай отыр үйінде.

Апасы айтты:- Күнім,- деп,
Адам бопты бүгін,- деп.
Кітап бетін ашпайтын,
Түзетіпті мінін,- деп

Оқып отыр сабағын
Дейді ата - ана: Қарағым .
Еміренген баланың
Сықылына қарағын:

Бір кітапты парақтап,
Әр бетіне қарап қап,
Мақтағанға әспенсіп
Бала отыр алақтап.

Бала отыр тектен – тек,
Мақтау оған жеткен жоқ.
- Бір сом тығып қойып ем,
Қайда ұшып кеткен? – деп...

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz