Қасиеттер терезесі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Visual Basic визуальды бағдарламалау жүйесі

Сабақтың мақсаты:
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
• Оқушыларда визуальды бағдарламалау туралы түсінік болу керек, базалық компоненттердің тағайындалуын, қасиетін, оқиғасын және тәсілін білу, оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білу.
• Visual Basic жүйесінде процедура, код терезесінің құрылымы және онымен орындалатын негізгі жұмыстарының принциптерін білу керек.
Double Single - cандық айнымалыларын, MsgBox, Inputbox функция -
сын қолдана білу.
• Оқушылардың Visual Basic бағдарламалау ортасының негізгі бойынша алған білімдерін жүйелеу.
дамытуда: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету, тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту - дарынды, талапты оқушыны көбейтуге әсерін тигізеді.
тәрбиелеуде: Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Оқушының білімі мен ақпарат алуда біліктілігі қалыптасып,
шеберлікке, еңбекке тәрбиеленеді.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, тапсырмалар, қайталау сұрақтары,
Power Point, Visual Basic,
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: аралас сабақ, геометрия, алгебра.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Миға шабуыл
ІІІ. Жаңа тақырып.
ІV. Топқа бөлу
a) Жоба
b) Қасиеттер
V Кім жылдам? (практикалық жұмыс)
VI Бекіту, бағалау, үй тапсырмасына оқулықтағы 86 бет.
• Сабақтың мақсаты: Visual Basic бағдарламалау туралы түсінік болу керек, базалық компоненттердің тағайындалуын, қасиетін, оқиғасын және тәсілін білу, оларды қойылған есептерді шешуде пайдалана білу қажет.
• Visual Basic жүйесінде процедура, код терезесінің құрылымы және онымен орындалатын негізгі жұмыстарының принциптерін білу.

ІІ. Ой қозғау сұрақтары:
Сабақ үрдісінде өткенді бекіту мақсатында әртүрлі технология әдістерін пайдаланамын.
Оқушылар! Өткен сабағымызда Power Point негіздері, презентация, слайдтармен жұмыс, безендіру, анимация жасау тақырыбымыз бойынша экрандағы мына сұрақтарға жауап береміз.
1. Слайд немесе тұсаукесер бағдарламасы - Power Point дегеніміз не?
2. Безендіруді қалай жүзеге асырамыз?
3. Жан бітірімді баптау (Анимация) қандай жолмен іске асырамыз?

ІІІ Жаңа тақырып
VISUAL BASIC - те бағдарламалау негіздері версиясын - осы кең тараған бағдарламалау тілінің соңғы жаңалықтарының бірін оқып - үйренуді бастаймыз. VISUAL BASIC өзін инструменттердің үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішіндер мен графикалық объектілерді көрнекі құрастыруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады. VISUAL BASIC - те бағдарламалау тілі дегеніміз – көпке таныс BASIC стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы.
VISUAL BASIC алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы ерекшеліктерін оқып - үйренуге өте сай келеді, сондай - ақ кез келген тұрпаттағы қуатты қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар. Жасалынып жатқан бағдарламаларда Windows Api құралдарын пайдалану қолданбаларының мүмкіндіктерін шексіз кеңейтуге жол ашады.
VISUAL BASIC - ті іске қосу үшін мына амалдарды орындаймыз Пуск — VISUAL BASIC
VISUAL BASIC – ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.. Терезе үш қосымша беттен тұрады: New – Жаңа жобалар, Existing – Қолданыстағы жобалар, Recent – Жақында пайдаланылған жобалар. New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсыңдар.
Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдайға болады. Бұл сендердің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін. Сондай – ақ VISUAL BASIC комплектісінен әлдебір үлгіні таңдап алуға болады.
Recent - қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.
VISUAL BASIC - пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады, алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан Newқосымша бетіндегі Standart EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобаларының менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. Экранда Progect1 - Microsoft Visual Basic desigh жаңа жобасының үнсіздік бойынша меншіктелген аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады. Бұл терезеде мыналар бар: ол - терезелер, менюлер, инструменттер панельдері, олар - даярламаның жинақталған ортасы деп аталады. IDE – Visual Basic - ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады. IDE бірнеше элементтерден тұрады:
• Басты меню;
• Инструменттер панелі;
• Жоба терезесі;
• Қасиеттер терезесі;
• Пішін макетінің терезесі;
• Элементтер панелі;
• Пішіндер конструкторы;
• Объектілерді қарау терезесі

Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windowsтың басқа қолданбалары бойынша таныс менюлерге өте ұқсайды. Сол жақта файл меню тұр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға болады.

Инструменттер панелі - басты менюдің тура астында Visual Basic инструменттер панелі болуы тиіс.
Егер ол онда жоқ болса View – Toolbars – Standard командасын орындаңдар. Инструменттер панельдерінде Басты менюдің жиі қолданылатын неғұрлым қажетті командалары бар. Инструменттер панельдерінің артықшылығы – тышқанды бір рет шерту арқылы командаларға қарапайым түрде қол жеткізу. Әдетте экранда бір инструменттер панелі болады.

Жоба терезесі — қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Жоба терезесі экранның оң жақ бөлігінде, инструменттер панелі астында орналасады. Объектіде тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады. Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар. Контекстік меню тікелей активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді. Бұл мүмкіндікке дағдыланыңдар, өйткені ол уақытты үнемдейді.
Қасиеттер терезесі - объектінің сипаттамаларын өлшемі, түсі, экрандағы жағдайы немесе объектінің күйін белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic - тегі барлық объектілердің атрибуттары бар. Мысалы пішін белгілі бір өлшемге, фон түсіне, өз тақырыбына т. б. ие. Мұның бәрі пішіннің қасиеттері. Пішіндегі батырманың өзіндік қасиеттер жиынтығы – өлшемі, түсі, жазбасы бар. Қасиеттердің неғұрлым көп тараған түрлері мен олардың қолданылу мүмкіншіліктерін келтірейік.
Логикалық қасиеттер, Жолдық қасиеттер, оналтылық қасиеттер, файлдық қасиеттер
Жаңа сабақты қорытындылау.

Кім жылдам? (практикалық жұмыс)
Мұнайлы ауданы 3 орта мектеп 10 сынып программасын құру
Пішінде сурет салу программасын құру
ИФМ апталығы программасын құру
Бағдаршам программасын құру

Қорытындысы
VI Бекіту, бағалау, үй тапсырмасына оқулықтағы 86 бет.


Скачать


zharar.kz