Ет - 300 грБолгар бұрышы - 2 бас (қызыл, көк)Пияз - 1 басТұрып (редька) - жарты бөлікТомат - 1 ас қасықҚытай қырыққабаты (капуста) - бар болса аздап қосуға болады (міндетті емес)Сарымсақ - 5 - 6 түйірБалдыркөк (сельдерей) - 1 бумаСұйық май - 1 ожау

Скачать

Ет – 300 гр
Болгар бұрышы – 2 бас (қызыл, көк)
Пияз – 1 бас
Тұрып (редька) – жарты бөлік
Томат – 1 ас қасық
Қытай қырыққабаты (капуста) – бар болса аздап қосуға болады (міндетті емес)
Сарымсақ – 5 - 6 түйір
Балдыркөк (сельдерей) – 1 бума
Сұйық май – 1 ожау

▪ Етті жұқалап, жапырақтап тураңыз.
▪ Көкөністердің барлығын қабығынан тазалап алып қалауыңызша турап дайындап алыңыз.
▪ Қазанға майды құйып әбден қызған уақытта етті салыңыз қозғамай тұрып, сарымсақ пен балдыркөктің жартысын салыңыз, тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш салыңыз.
▪ Қатты отта қозғап тұрып, суы тартылғанша жақсылап қуырыңыз.
▪ Пиязды салып және 2 - 3 мунут қуырыңыз, томатты салыңыз да және 1 - 2 мунуттай қуырыңыз.
▪ Қырыққабатты аздан соң болгар бұрышын салып қуырыңыз.
▪ Соңынан қазандағы көкөністердің бетін жауып тұрарлықтай су құйыңыз.
▪ Қазан қайнап шыққан соң, тұзын көріп, жай отта піскенше қайнатыңыз.
▪ Дайын болуға 5 минут қалғанда сарымсақ пен балдыркөктің қалғанын салыңыз.
▪ Дайын қамыр үстіне құйып ұсына беруге болады.
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаға: Асыл

Өз рецептеріңіз болса жазып сайтқа жіберуге болады: @yandex


Скачать


zharar.kz