Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары

Скачать

Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Себеп - салдар құрмалас (жаттығу орындау)
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: себеп - салдар салаластың құрмаласу жүйесін, тыныс белгілерін, жасалу жолдарын теория - практикалық тұрғыда игерту;
2) Дамытушылық: ойларын жүйелі айту дағдысын жетілдіре отырып, тілдік талдауларыды жетік, дағдылы түрде талдау машықтарын тереңдету.
3) Тәрбиелік: оқушыларды алдымен, отбасын құрметтеуге, сүюге насихаттай отырып, үлкен Отанға деген міндетті, борышты ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: салыстыру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу;
Түгелдеу;
Оқушы назарын аудару.

ІІ Үй жұмысы
Слайд және қима қағаз бойынша сұрақ.
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлем және жай сөйлем айырмашылығы қандай?
3. Салалас құрмалас дегеніміз не?
4. Салалас құрмаласты жасауға қандай шылау қатысады?
5. Салаластың мағыналық түрлері нешеу?
6. Ыңғайлас салалас қалай жасалады?
7. Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары
8. Себеп - салдар салалас деген не?
9. Себеп мәнді салалас деген не?
10. Салдар мәнді салалас деген не?
11. Себеп - салдар салалас жалғаулық шылаусыз байланысқанда қандай тыныс белгісі қойылады?
12. Себеп - салдар салаластың жалғаулық шылауларын айт

Жаңа сабақ
Слайд бойынша жұмыс.
Сөйлемді жалғастыр
Шарты: Бірінші жай сөйлем беріледі, оқушы сөйлемді аяқтап, себеп салдар салалас сөйлем құрайды, ауызша талдайды.
1. Адамзат өз отбасын қорғаштауға міндетті, өйткені... (отбасының жауапкершілігін сезіну керек);
2. Өз туған тіліңді білу – парыз, себебі... (ол атаң мен анаңның қасиетті мұрасы.)
3. Үлкен адамдар туған жердің тарихы мен әдебиетін жетік біледі, сол себепті...(оларды көп тыңда)
4. Ата - анаңды құрметте, себебі... (олар сенің тіреуішің)
5. Білім берген ұстаздарыңды әрқашан есіңде ұста, өйткені... (сенің аяққа тұруың үшін олар да еңбек етті)

Оқулықпен жұмыс
103 - жаттығу. Берілген жай сөйлемдерден себеп - салдар салалас құраңдар. Оларды әуелі, жалғаулық шылаусыз, сосын жалғаулық шылаулармен байланыстырыңдар.

104 - жаттығу. Бірінші мен екінші топтағы сөйлемдерді құрмаластырыңдар. Себеп мәнді не салдар мәнді екенін ажыратыңдар.
Семантикалық карта.


Скачать


zharar.kz