Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Брейнг - ринг ойыны (танымдық сайыс слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Жаратылыстану ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтанып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, биология, география, физика және математика пәндеріне қызығуына ықпал ету.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд шоу, мақтау қағазы, жетондар, т. б.
Сабақтың барысы:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Біздің бүгінгі дарынды балаларға арналған Брейнг - ринг ойыны танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайыста екі топ болады: Жас ұландар және Жас қырандар. Өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 7 сыныптан құралған.
Ойынды сынап, әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады. Оларға бағалау бетшесін таратамыз жетондармен қоса.
Сайыстың кезеңдерімен таныс болайық: І. Топтардың өзін - өзі таныстыруы
ІІ. Білгірлер жаттығуы
ІІІ. Брейнг - ринг ойыны
ІҮ. Көрнекі бейнелеп ойлау
Ү. Көрнекі әрекеттік ойлау.
Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емеспе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді әрі білікті жас жеткіншек – деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.
І. Топтардың өзін - өзі таныстыруы. (топ басшысы таныстырады)
Жас ұлан және Жас қыран өлең жолдарымен таныстырып, бір - біріне сәттілік тілеу.
Жүргізуші: Жігіттің сұлтаны бар ел бастаған
Қыздардың қыздары бар ел мақтаған.
Екі топтың басшылары топ бастаған,
Сіздерді топ басшылар сайысына шақырамыз.
Келесі ІІ кезең Білгірлер жаттығуы.
Жас ұлан тобының сұрақтары:
1. Гринвич сызығы қайсы қаладан өткен? (Лондон)
2. Математик болу үшін ақынжанды болу керек - кімнің сөзі? (Софья Коволевская)
3. Тұщы суды мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (гидра)
4. Астрономия нені зерттейді? (аспан денелерін)
5. Дүние жүзінде ең биікте орналасқан көл? (Титикака, Оңтүстік Америкада 3810м)
6. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым? (энтомология)