Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі КММ
І санатты физика пәнінің мұғалімі: Жунусова А.Д
Сабақтың тақырыбы: § 28 Дененің электрленуі. Электр заряды
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға дененің электрленуі және зарядталған денелер арасында болатын әрекет етуші күштер туралы мағлұмат бере отырып, негізгі ұғымдарымен таныстыру.
2.Тәрбиелік: Күнделікті тұрмыс тіршілікте дененің электрленуінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білу және электр энергиясын ұтымды пайдалануға үйрету.
3.Дамытушылық: Электр өрісінің техникалық және практикалық маңызымен таныстыру. Іскерлі, ізденгіш, шығармашыл, интеллектуалды қабілеті дамыған жек тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Көрнекілігі: флипчарт, интерактивті тақта, active voot , activslaite, эл. оқу 8 сынып, карточкалар, шар, эбонит таяқшасы, үлестірмелі карточкалар
Пән аралық байланыс: тарих, математика,информатика