Егер бір нәрсе істегің келсе, соңы не болатынын ойлап бас қатырма, әйтпесе сол күйі ешнәрсе бастамайсың.
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай.
Ақылды әйел, ерімен керісіп қалса да оған ас дайындайды. Ақылды еркек, өзініңкі дұрыс болса да әйелін барып еркелетеді.
Қараша – мұң сыйлайтын ай.
Бір күні менің саған қаншалықты жақын болғанымды түсінесің, ал сен кездесуге бір рет те қадам жасамадың.
Әйел жақсы көрген кезінде ер азаматын құдайындай сыйлайды, жек көрсе – жәндік құрлы көрмейді.
Адамның адамгершілігі түр-тұлғасынан емес, қарым-қатынасынан байқалады. (Харуки Мураками)
Кейде жалғыз қалып, ой бөлісер жан болмаған сәтте, әр түрлі ой – адамды өзара бөлісе бастайды.
Адам бақытты сезінген сәтінде сөзуар келеді, ал мұңайған сәтінде бір сөз де айтқыза алмайсың.
Бұл өмірде адамдар үшін жалғыз қалудан басқа ең қорқынышты не екенін білесіз бе? Бүкіл өміріңді сүймейтін жанмен өткізу.
Әйел бақыты деген осы шығар – сонша қырсық мінезді болса да күйеуі қамқор.
Екі жан бірін - бірі шын сүйсе де, бірге болу маңдайға жазылмаған.
Өкпе-реніш – тас секілді, өзіңе арта берсең, ауырлығына шыдамай құлауың мүмкін.