Махаббат деген не?
Егер де аналық махаббат пен ағалық махаббатта таңдау жоқ болса, немесе ана өз балаларының барлығын жақсы көруге немесе аға өз інілерінің барлығын жақсы көруге негізделсе, онда жыныстық махаббат бұлардан өзгеше. Мұндай махаббат терең дифференциацияланған, мұндағы махаббат таңдауға негізделген, адам бір ғана жалғыз адаммен тұтастықта болып, бас қосып бірігуге құмартады. Э. Фроммның пікірінше, махаббатқа қарағанда жыныстық құмарлық тек дене құмарлығымен, жалғыздық алдындағы қорқыныш сезімімен, біреудің жүрегін жаулап алумен ғана шектеледі.
Махаббат ол кездейсоқ пайда болмайды. Ол адамның бүкіл ішкі әлемінің біртіндеп өзгеріске ұшырап, қайта жандануы жаңа бір күй кешуі. Стендаль махаббат сезімінің пайда болуын былай суреттеп береді:
1) Таң қалу
2) Ғашық адам сүйіктісінің сұлулығына сүйсініп оны құшағына алып сүюді армандайды.
З) Ғашық адамына деген үміт оты оянады.
4) Махаббат оянады.
Жақсы көру дегеніміз – ләззат сезіміне бөлену. Адам өз ғашығын барлық сезім органдарымен сезіне бастайды.
5) Алғашқы кристаллдану процесі басталады.
Адам өзінің сүйікті ғашығын қуаныш пен ләззатқа бөлеуі үшін, барлық құрбандықтарға дайын бола бастайды және мұны ол қуанышпен іске асырады.
Кристалдану – бұл ойдың ерекше бір қызметі.
6) Күмәнның тууы.
Ғашық адам өзіне жақын тұрған бақытқа күмәндана бастайды; ол өзіне жылт етіп көрінген үміттің өзіне күмәнмен қарай бастайды. Ол өзін өмірдің басқа да қуаныштарына бөлегісі келеді де кейін оны жоғалтып та алады. Осыдан ол бақытсыздық сезіміне бөленіп, осы сезімнен кейін ол ойға шомады.
7) Екінші кристаллдану процесі.
Екінші кристаллдану процесі басталғанда ғашық адам ол да мені жақсы көреді деген ойға келеді.
Ғашық адам үш түрлі ойдың арасында ойланып толғана бастайды:
1. Оған ешкім тең келмейді.
2. Ол мені сүйеді.
3. Оның сүйетіндігінің дәлелдеріне қалай көз жеткізуге болады? Махаббаттың ұзақтығы екінші кристалдану процесінде анықталады, осы кезде ғашық адамыңның жауабын ала аласың немесе ала алмайсың. Екінші кристалдану процесі тез беріле салатын махаббат жағдайында өтпейді.
Сонымен бірге мына жағдайды ескеру керек. Өзінің табиғаты жағынан әйелдер еркектерге қарағанда сезімтал келеді. Әйелдердің өмірінде сезімнің алатын орны ерекше. Көптеген әйелдер үшін сүюден гөрі сүйікті болу өте маңызды. Өйткені бұл қасиет әйелдердің психологиялық табиғатының өзінде жатыр. Ал ер адамдар болса сүйікті болудан гөрі сүюді қалайды. Махаббатты осылайша жіктеуге Махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп - жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім - шапағат түрінде көрініс беруі Махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни Махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді.