ХҮІІ ғасырдағы Осман империясы

Скачать

Дүние жүзі тарихы 8 сынып
Тақырыбы: Осман империясы
Мақсаты: ХҮІІ - ХҮІІІ ғасырлардағы Осман Империясының ішкі және сыртқы саясатын оқыту.
Білімділік: Осман империясының сыртқы саясатындағы жүргізген соғыс қимылдарын, халықтың наразылық көтерілістерін, империяның әлеуметтік - экономикалық жағдайын, елдегі реформалар жөнінде жалпы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Осман империясы жүргізген соғыстарының салдарын талдай отырып, оқушыларды бейбітшілдікке, өзге елдің мүддесін өз елінің мүддесімен қатар қоя алатын парасаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: ХҮІІІ ғасырдағы Осман империясының саясатына, халық көтерілістері мен ұлт - азаттық қозғалыстарға оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: карточкалар, хронологиялық кесте, саяси карта.
Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (оқушыларға үш сұрақтан сұрақтар беру)
1. Сихта мемлекеті туралы айтып бер
2. Махараштра Үндістанның қай бөлігінде орналасқан?
3. Шиваджи кім?
1. Үндістандағы халық көтерілістері жөнінде айтып бер.
2. Нәдір шах кім?
3. Бенгалия қай жылы бөлінді?
1. Ост - Үнді бұл не?
2. Үнділерді еуропалық қай мемлекет отарлауға кірісті?
3. Уоррен Хейстинг кім?

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. ХҮІІ ғасырдағы Осман империясы
2. ХҮІІ ғасырдағы империяның жүргізген соғыстары. Елдегі дағдарыс.
3. Осман Империясының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
4. ХҮІІІ ғасырдағы империяның ішкі және сыртқы саясаты.

Осман империясының негізін қалаушы Осман бей 1299 жылдан бастап нығайған Осман әмірлігінің толық құқылы басқарушысы болды. Ол әмірлікке Византияның кішіазиялық провинцияларын бірінен соң бірін қоса бастады. Османның мирасқорлары оның жаулап алушылық саясатын жалғастырды: ең алдымен, Кіші Азияның едәуір бөлігі бағындырылды, ол содан кейін ұрыс алаңы Балқан түбегі болды, 1400 жылы Константинопольге шабуыл басталып, одан кейін 1453 жылы Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтар Түркияның билігіне көшті.
Жаңа дәуірдің басында Осман империясы Еуропадығы, Азиядағы, Африкадағы орасан зор аумақты иеленді. Осман империясы көрші елдерге қауіп төндіретін ірі державалардың бірі болып саналғанымен, шын мәнісінде өз ішінде біртұтас бірліктегі, тату ел бола алған жоқ, аймақта арасында шаруашылық байланыстар нашар дамыды.
1475 жылы Түрік сұлтанына қырым хандығы бағынышты болды
1514 жылы Түріктерге өзінің шығыстағы көршісі – Иранның қарсылығын жеңудің сәті түсті
1516 - 1517ж Мысыр, Сирия, Хиджаз және ондағы Мекке мен Медение қалалары түрік сұлтандығы билігіне өтті.
1696 жылы І Петр Азов бекінісін Түріктерден тартып алды.
1699 жылы Карловыда келісімшарт болды

ІҮ. Сабақты қорытындылау:
1) ХҮІІ ғасырда Осман империясы қуатты держава ретінде танылды; 2) Экономикалық жағынан саяси құлдырауды бастан кешкен, дағдарыс үстіндегі ел болды; 3) ХҮІІІ ғасырда Осман империясының халықаралық жағдайы оның әскери - экономикалық әлсіздігіне орай нашарлады.
Ү. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
ҮІ. Бағалау


Скачать


zharar.kz