Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Туған жер, родина, Birthplace.
Сабақтың басы 5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы
Осы менің Туған елім! Сурет бойынша әңгімелесу.
№1 Тыңдалым. Суретке мұқият қарап, Әлидің өзі туралы айтқан әңгімесін тыңда. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып көр.
№2 Өздерің тұратын мекенді, сызбаның көмегімен әңгімелеп көріңдер.
Сынып жетекші Салманова Тұмар Рахымбаевна
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем. жүктеу