Призманың көлемі
Геометрия 11 сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тік призма және көлбеу призма туралы түсінікті пысықтау, есептер шығару дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Әр бір оқушының өзіндік ізденісін қалыптастыру, өз ойлырын тұжырымдап айтуды үйрету. Оқушылардың математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын қалыптастыру. Дамытушылық: Логикалық бейнелік есептер арқылы оқушылардың бағдарлы іскерлік құзыреттілігін дамыту.
Сабақтық түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Жинақтау, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап
Сабақтың формасы: Дара жұмыс, топтық жұмыс
Сабақта қолданылатын технология: Үшөлшемді оқыту технологиясы
Пән аралық байланыс: Математика, сызу, қазақ тілі, психология
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, геометриялық денелер, бейне слайдтар, топ белгілері
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгендеу
В) оқушыларды топқа бөлу. Лидер оқушылардың бірі мұғалім көмекшісі болып таңдалады.
Оқушылар пирамида, призма, конус, цилиндр суреттерін таңдап, төрт топқа топталады.
2. Үй жұмысын тексеру
Тест есептерін жауаптары бойынша тексеру
1. В 2. А 3. Д 4. С 5. Е
3. Теориялық білім Толықтыру . Оқушылық деңгей
Көмекші оқушы жұмыстарды тексереді.
1. Тік призманың бүйір бетінің ауданы
2. Герон формуласы
3. Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы
4. Тік призманың көлемі
5. Дұрыс үшбұрыштың ауданы
6. Косинустер теоремасы
7. Параллелограмның ауданы
8. Дұрыс көпбұрыштың ауданы
9. Көлбеу призманың көлемі
10. Синустар теоремасы
4. Есептер шығару. Алгоритмдік деңгей. топ басшылары І, ІІ нұсқадағы тапсырманы таңдайы, шығарады, шешуін түсіндіреді
І нұсқа. Дұрыс алты бұрышты призманың ең ұзын диагональі 8 см және ол бүйір қырымен 30◦ бұрыш жасайды. Призманың көлемін есептеп табыңдар.
ІІ нұсқа. АВСА1В1С1 көлбеу призманың табаны қабырғасы 10 см теңқабырғалы үшбұрыш. А төбесінің проекциясы АВС үшбұрышының центріне түседі, ал АА1 қыры табан жазықтығымен 30◦ бұрыш жасайды. Көлбеу призманың көлемін табыңдар.
Призманың көлемі. жүктеу