Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы
9 - 11 - сынып
Мақсаты: Оқушылардың әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру.
Міндеттері: 1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру, әдебиет пәніне қызығу - шылығын арттыру
2. Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу.
3. Оқулық пен қосымша материалдар деректерін пайдаланып, ғылыми танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Ұйымдастыру формасы: зияткерлік сайыс
Көрнекілігі: қажетті сөздер, сандық белгі.
Сайыстың барысы:
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 9 - 11 - сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған Әдебиет көшбасшысы сайысына қош келдіңіздер!
- Әдебиет - сөз өнері. Сөз өнері – халық даналығының жемісі. Әдебиет – халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.
- Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
- Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау,-
Ендеше ортамызға әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық:... (6 оқушы қатысады)
- Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:... (әділқазылармен таныстырады)
- Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,- деп сайысымыздың алғашқы шарты Бәйге кезеңін бастаймыз.
- Бәйге кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 4 жауап берілген. Дұрыс жауапты бірінші болып айтқан оқушыға 10 ұпайдан беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.
І кезең Бәйге
1. Мен - қазақпын атты поэманың авторы
1) Қабдеш Жұмаділов
2) Сұлтанмахмұт Торайғыров
*3) Жұбан Молдағалиев
4) Жүсіпбек Аймауытов
2. Мұқағали Мақатаевтың өлеңі.
*1) Фантазия
2) Отырар
3) Сен ақылда болсаң екен
4) Қазағым менің
3. Әдеби ертегіні тап.
1) Қырық өтірік
2) Ер Төстік
3) Аяз би
*4) Толағай
4. Ахмет Байтұрсынұлының туған жылы.
1) 1893 жыл
*2) 1873 жыл
3) 1846 жыл
4) 1889 жыл
5. Жамбыл Жабаевтың Алғадай туралы әрбір ой өлеңі кімге арналған?
1) Немересіне
2) Әйеліне
*3) Баласына
4) Келініне
6. Мұхтар Әуезовтің туған жылы.
*1) 1897 жыл
2) 1900 жыл
3) 1911 жыл
4) 1894 жыл
7. Бандыны қуған Хамит әңгімесінің авторы кім?
1) Мұхтар Әуезов
2) Мағжан Жұмабаев
3) Сәбит Мұқанов
*4) Сәкен Сейфуллин
8. Абай Құнанбаевтың туған жері.
1) Қостанай облысы
*2) Семей облысы
3) Қызылорда облысы
4) Ақтөбе облысы
9. Күй аңызы әңгіменің авторы кім?
1) Ілияс Жансүгіров
2) Ақан сері Қорамсаұлы
*3) Тахауи Ахтанов
4) Шерхан Мұртаза
10. Диуани хикмет кітабының авторы
*1) Ахмет Йассауи
2) Сайф Сараи
3) Махмұт Қашқари
4) Жүсіп Баласағұни
ІІ кезең Дода
- Білекті - бірді жығар, білімді – мыңды жығар деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.
- Сайысымыздың келесі Дода кезеңінде 4 тақырып 5 сұрақтан әзірленген.
Оқушы таңдаған тақырыбының 5 сұрағына жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі. Ең төмен ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. Шарт бойынша ең ұпайы төмен оқушы тақырып таңдайды.
1. Халық ауыз әдебиеті.
1. Әке - шешесі: Осы біздің баламызға не болды екен? деп бір күні баласмынан сұрайды. Баласы көрген түсін айтып береді. Әке - шешесі мұны естіп, қатты қорқып, жан - жақтан түс жоритын сәуегей адам іздейді... Қай шығармадан алынған үзінді?
(Сырттандар)
2. Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі Кімнің сөзі және әңгіменің аты
(қаңбақтың сөзі, Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па? )
3. Керқұла атты Кендебай ертегінің түрі?
( Қиял - ғажайып ертегі)
4. Шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалы шығармалар.
(Аңыздар)
5. Күңке, Бапыхан, Желаяқ, Шойынқұлақ, Жалмауыз кемпір, перінің қызы Бекторы деген кейіпкерлер қайдан алынған?
( Ер Төстік )
2. ХІХ ғасыр әдебиеті.
1. Зар заман Кімнің шығармасы?
(Шортанбай Қанайұлы)
2. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңінің авторы кім?
(Сүйінбай Аронұлы)
3. Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға!
Кімнің өлеңі?
(А. Құнанбаев Әсемпаз болма әрнеге )
4. Мұрат Мөңкеұлының Үш қиян , Сарыарқа , Қазтуған тәрізді торлғаулары неге арналған?
(Ескілікті дәріптеуге)
5. Бұл дүниеде не жетім? өлеңінің авторы кім?
(Қашаған Күржіманұлы)
3. ХХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
1. Шәкірт ойы өлеңінің авторы кім?
(С. Торайғыров)
2. Жиған - терген өлеңінің авторы?
(А. Байтұрсынұлы)
3. Күркіреп, күңіреніп, ұласып аспан,
Сіркіреп, бұлт тұмшалап, жауар жаңбыр.
Дүркіреп жауқазындар, жарар гүлің,
Үлбіреп өнер шөптер, құлпырар қыр.
Жалтылдап жүнін тастар тай - тайлағы,
Бақылдап көлде қиқу - шағала, қаз.
Былқылдап малға толар қырдың қойны,
Сылқылдап әзілдесер, күлер сылқ - сылқ
Кімнің өлеңі?
(І. Жансүгіров Жазға салым )
4. Жүсіпбек Аймауытовтың Әнші әңгімесі кім туралы жазылған
(Әміре Қашаубаев)
5. Өтеген батыр дастанының авторы кім?
(Ж. Жабаев)
4. ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет
1. Ананың анасы әңгімесінің авторы кім?
(Ғ. Мүсірепов)
2. Даңқың қайда төске өрлеген
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау...
... Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба... Кімнің өлеңі? (М. Шаханов)
Әдебиет көшбасшысы зияткерлік сайысы жүктеу