Дайындау жолы оңай

Скачать

Гормондарды ретке келтіретін 3 түрлі сусын.
1 - рецепт
Лимон қосылған жылы су артық салмақтан арылтады, ағзадағы улы қалдықтардың шығуына иммундық жүйе мен теріге пайдалы, ас қорытуға көмектеседі. Лимон ағзадағы лептин гормонына әсер етеді. Лептин – тоқшылық гормоны. Егер лептин гормоның балансы бұзылса май жинала бастайды яғни адам семіре бастайды.
Рецепт дайындау оңай: жарты лимонның сөліне қайнаған су құйыңыз, аздап суығанын күтіңіз де сіміріп ішіп қойыңыз. Таңғы асты осы сусыннан бастаған дұрыс.

2 - рецепт
Таңқурай (Малина) жапырағынан дайындаған шай әйелдердің репродуктивті жолдарына қалыпқа келтіреді. Ол жатырды бекітеді етеккір, климакс, босану жеңіл өтеді. Бұл шай кезектен тыс сергектік береді және кофені осы шайға ауыстыруға болады. Күніне 3 кесе шай ішсеңіз гормонның қызметі жақсарады.
Дайындау жолы оңай: 1 шай таңқурай жапырағына 200 мл қайнаған су құйыңыз, 10 минуттай күтіңіз. Шайды кешке ішпеген жөн, таңертең немесе күндіз ішкен өте дұрыс болады.

3 - рецепт
Сүтке куркума араластырып ішу Үнді елінің дәстүрлі емі (Аюрведа) болып есептеледі. Мұның тағы бір атауы: Алтын сүт . Бұл сусын адам ағзасындағы барлық гормонның қызметін қалыпқа келтіріп, иммундық жүйені нығайтады, ас қорыту жүйесіне пайдалы, тұмауды емдейді.
Дайындалуы: 200 мл ыстық сүтке жарты шай қасық куркума ұнтағын салу, қалауыңызша бал қосуға болады. Бұл сусынды ұйқыға жатар алдын ішу пайдалы.
Дайындаған: Жайна


Скачать


zharar.kz