Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалауБілім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады

Скачать

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.
Өрлеу БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының бағдарламасы негізінде құрылған үшінші (негізгі) деңгей курсының үйренген бағалау түрлерін мен де өз тәжірибемде қолдануды жөн көрдім.

Жеті модульді қолданып өткізген сабақтарды өткізе отырып түйген ойым мұғалімдерге арналған нұсқаулықта көрсетілген Райан мен Декидің ішкі уәж қасиеттерімен сәйкес келгендей. Яғни, оқушыларға ішкі уәж деп аталатын қасиеттерге жағдай туғызатын болсақ, әр оқушы өзін - өзі ынталандыра алады және осыған орай ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады.
Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.


Скачать


zharar.kz