Ембергенова Әсем СалауатқызыҚызылорда облысы, Арал ауданы 262 мектеп - гимназиясы Қайтала ойыныМақсаты: қимыл - қозғалысты, бақылағыштықты дамыту

Скачать

Ембергенова Әсем Салауатқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы
№262 мектеп-гимназиясы

Қайтала ойыны
Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды.

Ханзада орманда келе жатты ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөйлеу белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ойын жаттығуын орындауды ұсынады, мұнда сөздерді қимыл-қозғалыспен үйлестіру керек.
Ханзада орманда келе жатты (орнында аяқтың ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - жұдырық түйеді, оң аяқпен адымдағанда – жұдырықты жазады).
Хан қызын жолықтырды, жолықтырды (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Кел, екеуміз секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Тағы бір секірейік, секірейік (орнында 6 рет 2 аяқпен кезек секіреді; алдыңғы жаққа шапалақ ұрады).
Қолымызбен шапалақ ұрайық, шапалақ ұрайық (орнында аяқ ұшымен 6 қадам жасайды, сол аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа шапалақ ұрады, оң аяқпен қадам жасағанда - сол жаққа алақанмен шапалақ ұрады).
Аяқпен тарсылдатайық, тарсылдатайық (орнында 6 қадам жасап, әрбір қадамға шапалақ ұрады).

Көгалда ойын жаттығуы
Мақсаты: қимыл-қозғалыс және сөз белсенділігін, дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын қалыптастыру.
Барысы: Тәрбиеші балаларға қимыл-қозғалысты айтылатын сөздермен үйлестіре отырып, гүлдермен жаттығулар орындауды ұсынады. Жаттығуды әнмен орындауға болады.
Бірінің соңынан бірі, жұптасып, үштікпен жүреді. Балалар алаңды (зал) айнала жүгіреді – көгалда жүгіріп, гүл тереді.
Бастапқы қалып (БҚ) – негізгі тұрыс. бір-екі деп санағанда, қолдарын екі жағынан жоғары көтереді; бастарын көтеріп, гүлдерге қарайды. Үш-төрт деп санағанда – қолдарын екі жақтан төмен түсіреді.
Б.қ. – негізгі тұрыс, қолдарына гүл ұстап, арт жаққа жасырады. Денені алдыға еңкейтеді, аяқтары түзу, гүлдерді алдыға сермейді.
Б.қ. – отыру, аяқтары екі жақта, түзу, гүл ұстаған қолдары артта, басты тік ұстайды. Бір деп санағанда гүлдерді қою алдыға еңкейеді. Гүлдерді аяқ арасына неғұрлым алыс қояды. Екі деп санағанда – тік тұрады, үш дегенде гүлдерді алу – алдыға еңкейіп, гүлдерді алады.
Б.қ. – негізгі тұрыс, гүлдер қолдарында. Бір-екі деп санағанда – отырады, қолдарымен тізені құшақтайды, бастарын алдыға еңкейтеді. Үш-төрт деп санағанда – тік тұрады, қолдары екі жақта.
Екі және үш ойыны
Мақсаты: ес, зейін, ойлау, қозғалыс белсенділігін дамыту.
Барысы: Балалар жүреді немесе араласып жүгіріп жүреді. Тәрбиеші Екі! деп белгі бергенде – жанында тұрған кез-келген баламен жұп құрайды, қолдарынан ұстап, белгіленген жерге жүгіріп барады (жалау, доп), ол жерде келген кезектері бойынша жұптасып тұрады. Егер тәрбиеші Үш! деп айтса, балалар үштік жасап, белгіленген жерге жүгіріп барады.

Өткелден өту сахналау ойыны
Мақсаты: жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу.
Барысы: Бұл ойын үшін тас (қиыршық, дәнек) толған жәшік қажет. Балалар тышқандардың жүрісін келтіреді. Бірінің соңынан бірі тастардан адымдап жүреді.

Кесте құра сахналау ойыны
Мақсаты: қиялды дамыту, жүру кезінде табанды дұрыс жаттықтыру, майтабандылықтың алдын-алу үшін табан сіңірлерін және бұлшық еттерін шынықтыру, өз денсаулығына жағымды қарым-қатынасын тәрбиелеу.
Барысы: Тәрбиеші балаларға ұзындығы әртүрлі түрлі түсті таяқшалар береді. Балалар жалаң аяқ тұрып, аяқ башпайларымен түсі және ұзындығы әртүрлі таяқшаларды қолданып, әртүрлі кестелер құрайды.


Скачать


zharar.kz