Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мутигуллина Гүлсара Мергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев. Мен таулықпын
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік; Оқушыларды қазақ поэзиясының алыбы атанған М. Мақатаевтың өлеңдерімен таныстырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату, өлеңдерінің өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелігіне көніл бөлу, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.
2) Дамытушылық: Оқушыларды іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу сөйлеу тілін дамыту, логикалық ойлау қабілетін, сана – сезімін дамыту.
3) Тәрбиелік; Оқушыларды болашаққа деген сенімге баулу, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрсені қадір тұтуға, ақын жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі; Интерактивті тақта, слайд, бейнетаспа, кітаптары
Сабақтың түрі; Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың типі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі; сұрақ - жауап, шығармашылық ізденіс, СТО стратегиялары, сатылай - кешенді талдау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Сыныпты топқа бөлу, бағалау парақшаларын тарату.
Сабаққа дайындық.
2. Үй жұмысын тексеру:
І топ. Ақынның өмірінен мәлімет..
ІІ топ. Еңбек жолы.
ІІІ топ. Жыр жинақтары. Өлеңдерінің тақырыптары.
Фантазия , Барлығы да сендердікі өлеңдерін жатқа сұрау.
3. Жаңа сабақ: Мұқағали Мақатаевтың Мен таулықпын! өлеңі
Өлеңдерді бір рет мәнерлеп оқып беріп, 2 - 3 оқушыға оқытамын.
Өлең мәтіні бойынша жұмыс жасау:
• Өлеңде кім туралы айтылады?
• Ақын тауды кімге теңейді? (Ал біздің асыраушы анамыз кім?)
• Ол қалай дүниеге келдім дейді?
• Киік қандай жануар?
• Қыран қандай құс?
• Табиғат пен адам байланысы қалай суреттелген?
• Ақын қай таудың баурайында дүниеге келген?
Слайдтан Алатау туралы түсінік беру, Хантәңірі шыңы туралы айту.
4. Әдебиет теориясынан түсінік беру:
Гипербола (Әсірелеу) – бір затты не іс - әрекетті шамадан тыс ұлғайтып көрсету. Мысалы:
таудан жаратылғам, киіктің сүтін еміп, асқар шыңдар желпиді бесігімді.
Символ (шартты белгі) – бір затты екінші зат арқылы астарлап көрсету. Мыс: қыран – еркіндік символы.
5. Топтық жұмыс. (Бейнетаспадан әншінің орындауындағы Мен таулықпын! өлеңін тыңдату).
І топ. Топтастыру Тау ұлы қандай болуы керек?
ІІ топ. Әріптер сөйлейді : МҰҚАҒАЛИ
ІІІ топ. Бес жол өлең стратегиясы
6. Сабақты бекіту.
Өлеңге сатылай - кешенді талдау жасау (слайд арқылы)
7. Сабақты қорытындылау:
• Ақынның арманы қандай еді?
• Оның арманы қашан орындалды?
8. Бағалау парақшаларына қарап, қорытынды баға қою.
9. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, Еркін елдің ұланымын! атты эссе жазу.