І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларға Қазақстан аумағында экологиялық апаттардың пайда болу себептерін түсіндіріп, Арал, Байқоңыр, Семей, Каспий өңірі, Азғыр, Тайсоған, Нарын полигондары жөнінде өз білімдерін дамытып, іздене білуге баулу.
Тәрбиелілік: Табиғи экожүйелер бұзылып, фауна мен флора сиреп, ауа, су және жер ресурстары ластануына байланысты оқушыларды қоршаған ортаны сүюге табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
ІV. Сабақтың түрі: Ізденіс, сұрақ жауап.
V. Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
VІ. Сабақтың көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта, слайдтар.
2. Климаттың глобалды өзгеруі оқулық фильмнен үзінді.
3. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Карта. видео
4. Қазақстандағы өзекті экологиялық мәселелер және олардың алдын алу жолдары. Кесте.
5. Суреттер мен сызбалар.
VІІ. Пән аралық байланыс: Химия, экология, география, математика.
VІІІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Cынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызылады.
ІІ. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау. Сынып оқушыларына сұрақ беріледі.
1. Экологиялық проблема дегеніміз не?
2. Әлемдік экологиялық проблемаларға не жатады?
ІІ. Мағынаны ашу.
1. Климаттың глобалды өзгеруі. Оқулық фильмнен үзінді. Фильмнен көргендері туралы пікір алысу.
2. Ой толғаныс.
Тапсырма: Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтары туралы картадан көрсете отырып, бейне тапсырмаларды орындау.
Топтастыру.
І. топ
Семей ядролық полигоны, зардаптары, қазіргі жағдайы.
ІІ. топ
Арал проблемасы, қазіргі жағдайы.
ІІІ. топ
Каспий теңізі, ластану себептері.
2 - тапсырма.
Суреттен түйген ойларыңыз. Тақтада көрсетілген суреттер арқылы өз ойларын жеткізеді.
1. Байқоңыр ғарыш айлағының ластануы.
2. Балқаш көлінің жағдайы.
3. Қоршаған ортаның ластану себептері.
3 - тапсырма
Ти кестесі. Қоршаған орта ластануының 3 түрін айырмашылықтарын кестеге толтыру.
1. Химиялық ластану.
2. Физикалық ластану.
3. Биологиялық ластану.
4 - тапсырма.
Мақал - мәтелдегі экологиялық ой пікірлерді талдау
1. Түз тағысы табиғатпен тілдес.
2. Тозған топырақта тоқшылық болмайды.
3. Қара жер қарыз арқаламайды.
4. Күте білсең жер жомарт.
5. Жер - ана, Ел - бала.
6. Жер тоймай, ел тоймайды.
Оқушы шығармашылығы. Туған өлкенің экологиялық жағдайы.
Еркін жазу стратегиясы, өз ойларын қағаз бетіне түсіру.
1. Жағдайың қалай, Жайығым
Көбейіп кетті - ау уайымың
Алдында туған еліңнің
Жоқ еді - ау сенің айыбың
Жағдайың қалай, Жайығым?
2. Атырау - мұнайлы өлкенің экологиясы.
3. Балық - сұлтаны бекіре
Жайық өзенінің экологиясы туралы пікір алысу.
Атырау облысы, Атырау қаласы,
Атырау селосы, Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектеп
Биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі: Жумабаева Мая Биғалиқызы
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар. жүктеу