Сабақтың тақырыбы: Бұрыштардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Көпбұрыштардың әр түрлі бұрыштарын тік бұрышпен салыстырады және анықтайды, берілгеннен күрделірек есеп құрастырады шығарады, топпен сынап көру әдісін пайдаланып, теңдеулерді шешу білігін жетілдіруді жалғастырады;
Ойлау қабілетін дамыту, халқымыздың дәстүрін насихаттай отырып, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: талдау, сұрақ жауап, ойын арқылы есеп шығару, тиянақтау әдістері,
Сабақтың көрнекілігі: сабаққа байланысты слайдтар, үлестірмелер, математикалық қызықты есептер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық
Оқушылар: Тек бес біздің бағамыз
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
Бүгінгі сабағымыздың түрі: жарыс сабақ. Үш топқа бөлініп алайық. Әр топ өз топ басшысын сайлап алайық. Әр топ өз аттарын мына мысалды орындап, кему ретімен жазып, өз топтарының атын анықтайық.
1 - Топ --------------- 2 - топ --------------- 3 - топ
7+8=ү ---------------- 5+5=л ---------------- 8+8=і ---------------- 9+6=ы
6+6=р ---------------- 7+7=д ---------------- 7+7=к ---------------- 8+9=ұ
8+8=с ---------------- 9+4=о ---------------- 9+9=т ---------------- 8+8=р
9+5=й ---------------- 5+6=а ---------------- 9+9=б
7+6=і ----------------- 7+5=ғ ---------------- 8+4=ш
Жарыстың ережесі:
1. Тыныштық сақтау.
2. Бірігіп жұмыс жасау
3. Мұқият тыңдап алып, содан кейін жұмыс жасау
4. Тез, шапшаң әрі дұрыс орындау.
Сабағымыздың ұраны: Бірлік болмай, тірлік болмас!
Үй тапсырмасын тексеру: №7 Кесінді сызу.
Өткенді еске түсіру: Үш топқа фигуралар беру. Оқушылар оның қандай фигура екенін дәлелдейді.
1 - топқа: Үшбұрыш - 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар
2 - топқа: Төртбұрыш - 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар, қарама – қарсы қабырғалары тең. (Ережесін сұрау)
3 - топқа: Шаршы - 4төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы тең, барлық қабырғалары тең.(Ережесін сұрау)
Жаңа сабақ: Осылардың бұрыштары туралы пікірлерін сұрау, бұрыштардың қай түріне жататынын дәлелдеу.
1 - топ
Сүйір бұрыш
2 - топ
Доғал бұрыш
3 - топ
Тік бұрыш
Өмірмен байланыстыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Жалпы бұрыш дегеніміз - бір нүктеден шыққан екі сәуле ортасын айтамыз.
Тік бұрыш - бұрыштары оның тік болады.
Сүйір бұрышы - тік бұрыштан кіші бұрышты айтамыз.
Доғал бұрыш - тік бұрыштан үлкен бұрышты айтамыз.
Мысал: Өмірмен байланыстыру.
Сандық - оның бұрыштары тік болады.
Астана қаласындағы пирамида - сүйір бұрыштар, тік бұрыштары, доғал бұрыштар бар.
Құрақ көрпе - әр түрлі бұрыштар бар.