Жазыңқы бұрыш өлшемі нешеге тең

Скачать

Математика 5 сынып
Тақырыбы: Теңдеулер
Мақсаты
білімділік: 5 - сыныпта өтілген тақырыптарға қысқаша тоқтала отырып қайталау, ережелерді меңгерту
дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділік пен шыдамдылыққа тәрбиелеу
Оқыту құрал - жабдықтары: оқулық
Сабақ типі: қайталау
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу,
Түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- үй тапсырмасын орындадыңдар ма?) Қатемен жұмыс.

ІІІ. Өтілген материалдарды қайталау сұрақтары:
1. Бұрыш дегеніміз не?
2. Жазыңқы бұрыш өлшемі нешеге тең?
3. Биссектриса анықтамасын айтыңыз.
4. Доғал бұрышты үшбұрыштың өлшемі қай аралыққа тән.
5. Берілгені бойынша процентті қалай табады?
6. Дөңгелек диаграмма салуда процентті қалай бұрышқа айналдырады?
7. Бұрыш қандай құралмен өлшенеді?

ІV. Қайталау есептері: (27 - бет)
390:(4х+3)=26
4x+3=390: 26
4x+3=15
4x=15 - 3
4x=12
X=12; 4
X=3

528:(5x - 7)=16
5x - 7=528: 16
5x - 7=33
5x=33+7
5x=40
X=40: 5
X=8

594:(8x - 55)=18
8x - 55=594: 18
8x - 55=33
8x=33+55
8x=88
X=88: 8
X=11

735:(6x+17)=21
6x+17=735: 21
6x+17=35
6x=35 - 17
6x=18
X=18: 6
X=3


Скачать


zharar.kz