Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Математика 6 сынып
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, тез ойлап, нақты нәтижеге жету қабілеттерін және математикалық сауаттылығын арттыру
Тәрбиелік: шапшаңдылыққа, өз бетімен еңбектенуге, батыл шешімге келуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын элементтерін қолдану, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, карточкалар, интерактивті тақта
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру
Бүгінгі сабақта бізді сан алуан белестер мен асулар күтуде, олай болса бір - бірімізге сәттілік тілейік!
II. а) Өрмекші шырмауынан шығып көр .
Мақсаты: Оқушылар бір - біріне сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау.
1. Қандай өрнектер теңбе - тең өрнектер деп аталады? (екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндері тең өрнектерді айтады )
2. Қандай теңдік теңбе - теңдік деп аталады? (айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез - келгенінде тура болатын теңдікті айтады)
3. Теңбе - тең түрендіру дегеніміз не? (өрнекті оған теңбе - тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе - тең түрлендіру деп атайды)
4. Екі тура санды теңдік қалай қосылады? (екі тура санды мүшелеп қосады. a=b және c=d болса, онда а+c=b+d)
5. Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? (екі тура санды мүшелеп көбейтеді. a=b және c=d болса, аc=bd)
ә) Үйге берілген есепті тексеру (Оқушылар бір - бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды)
III. Кім жылдам?! (Кестедегі жауаптардың тұсына сәйкес әріптерді қойыңдар. Жасырын сөзді оқыңдар)
- Оқушылар қалай ойлайсыңдар неге мен теңдеу сөзін жасырдым?
- Иә, бүгінгі өткелі отырған жаңа сабағымыз осы теңдеу тақырыбына тікелей байланысты, яғни бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді қарастырамыз
IV. Жаңа сабаққа бетбұрыс.
Ең алдымен 5 сыныпта теңдеу және оның түбірлеріне тоқталып, мынадай мысалмен бастағым келіп отыр: Екі сөреде 40 кітап тұр, сонда үстіндегі кітап төмендегіден 3 есе көп. Төмеңгі сөреде неше кітап бар?
Төмендегі сөредегі кітап санын х әрпімен белгілейік, сонда есептің шарты бойынша х+3х=40 мынадай теңдік аламыз. Кітаптың белгісіз санын табу үшін, біздер бір айнымалысы бар теңдік құрдық. Осы құрған теңдеуіміздегі х - тің орнына қойғанда тура теңдік шығатын санды табу керек. Мұндай санды теңдеудің түбірі деп атайды. х=10 болғанда х+3х=40 теңдігі тура болады.
Теңдеудің түбірі – айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәнін атайды
Теңдеуді шешу дегеніміз – оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. жүктеу