Қазақстан - бүгін міне, достықтың туын тіккен жер

Скачать

Ашық тәрбие сағаты 10 - 11 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Терезесі тең, керегесі кең өркениетті Қазақстан!
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.
ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.
б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, көрініс.
1. Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.
М. Мақатаев
2. Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Нұрсұлтан Назарбаев
3. Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев
Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)

Мира: Тында жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім – келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

Айдана: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!
"Қазақстан" туралы видеоролик.

Сара: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы, бір туысқан бір – біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Елдана: Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Мира: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке, байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы, сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғысқан көңіл тым қатты!

Айдана: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

Мира: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!
Алтынай: Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Мира: 1990 жыл...
24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I - сессиясында Н. Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.
25 қазан. Қазақ ССР – інің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекітті.
Айдана: 1991 жыл...


Скачать


zharar.kz