Бақ құсым

Скачать

Сүйіктіңізді қалай атайсыз?
Бұл мақаланы жазуыма себеп – мен ғашықпын . Менің сүйіктімнің маған арнап айтатын әдемі сөздері бір-біріне ұқсамайды, сонысымен ол мені күннен-күнге өзіне баурай түседі. Мені әдемі сөзге алданды деп ойламаңыз! Ол өте мәдениеті, сауатты, тәрбиелі азамат. Оның қасында мен өзімді еркін сезінемін және еркелеймін. Ол маған әрдайым қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырады. Ол мейірленіп кеткен сәтте жай ғана құшағына алып, маңдайымнан иіскеп қана қояды. Мен оның ойының тазалығына риза боламын, адалдығын жоғары бағалаймын. Ол мені жары етіп алғанша, саусағының ұшын да тигізбейтінін тілге тиек етеді. Мен осындай азаматтың ғашығы екеніме мақтанамын!

Сөзді көп созбай, оның мені әр кездескен сәтте қалай атайтынын айтып берейін.
Жаным – сен менің ғана жанымсың! Сүйіктім, мен сені сағындым! Ғашығым, сенсіз менің өмірім мәнсіз! Махаббатым, сен менің жарым болуға лайық адамсың! Асылым, мына әлемде сенен асқан сұлу жоқ! Нәп - нәзік Балапаным! Ханшайымым! Періштем! Сұлуым! Толықсыған Айым! Нұр шашып тұратын Күнім! Мөлдір таза Бұлағым! Қаракөзім! Мөлдіреген жанарыңнан айналдым сенің Құралайым! Мөлдір көзіңнен сенің, Ботам! Еркем! Сен менің аспандағы жарық Жұлдызымсың! Аққуым! Көгершінім! Көріктім! Көркіне ақылы сай Адалым! Кербезім! Айдындағы Ақ құсым! Нәзігім! Сен менің жүрегімнің жартысысың! Бақ құсым! Тәп-тәттім! Сүйкімдім! Бибі – сен менің ғана жанымсың, менің ғана!

Құрметті, жігіттер қауымы сүйіктіңізді қадірлей біліңіз! Бәріңіздің Анаңыз бар екенін және әпке-қарындасыңыз бар екенін естен шығармаңыз! Нәпсіңізді тыйыңыз!
Құрметті қыздар қауымы, сіз де қадірлі болуға тырысыңыз! Ар-намысыңызды аяқ асты етпеңіз! Ақ босағаны адал аттау парызыңыз екенін естен шығармаңыз!

Дайындаған: Жадыра.


Скачать


zharar.kz