Адам қаңқасында

Скачать

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Сабақтың тақырыбы: “Салауатты өмір салты”
“Салауатты өмір салтын” насихаттауға тәрбиелеу барысындағы сабағымды оқушыларды топқа бөле отырып өткіздім.
Әр топқа мүшелердің аттары берілді..
1. Жүрек.
2. Бұлшық ет.
3. Өкпе.
4. Бауыр.
Жоспар
1 - тапсырма: Әр топ өздеріне берілген мүшелердің атына байланысты сипаттама береді
2 - тапсырма: Биологиялық диктант
3 - тапсырма: Ойлан, тап!
4 - тапсырма: Ой қозғау

1 - тапсырма – 5 минут
Әр топ өздеріне берілген мүшелердің атына байланысты сипаттама береді.

2 - тапсырма – 10 минут
Биологиялық диктант.
1. Адам қаңқасында... астам сүйек бар.
2. Қан, лимфа және жасушааралық сұйықтық — ол ағзаның... деп аталады.
3. Адамның өмір бойы тынымсыз жұмыс істейтін мүшесі —....
4. Ағза және сыртқы орта арасындағы газ алмасу үрдісі... деп ата¬лады.
5. Қоректік заттардың күрделі түрінен жай, суда еритін, қанның құрамына жеңіл ене алатын күйіне айналу үрдісі... деп аталады.

3 - тапсырма – 10 минут
Ойлан, тап! Әр топ берілген сөйлемдердің оң жағындағы тұрған - сөздердің сәйкестігін табады.
1. 33 - 34 омыртқадан құралады (өкпе)
2. Ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі (қарын сөлі)
3. Кеуде қуысында орналасқан (омыртқа жотасы)
4. Нәруызды ісіндіріп, оны қорытады (қан)

1. Омыртқа жотасынан, қабырғалардан, төстіктен тұрады (тыныс алу)
2. Қан ұйымайтын ауру (ауыз қуысы)
3. Ағза және сыртқы орта арасындағы газ алмасу (гемофилия)
4. Үш жұп сілекей бездері бар мүше (тұлға қаңқасы)

1. Төбе, маңдай, шүйде сүйектері құралады (ми сауыты)
2. Өкпенің сыйымдылығын өлшейтін құрал (лейкоциттер)
3. Ядросы бар ақ түсті жасушалар (соқыр ішек)
4. Құрт тәрізді өсінді (спирометр)

1. Үшбұрышты жалпақ сүйек (сурфактант)
2. Ядросы жоқ, қызыл түсті жасушалар (бауыр)
3. Өкпе көпіршектерінің ішкі бетін астарлайтын қабық (жауырын)
4. Ағза зертханасы (эритроцит)

4 - тапсырма – 20 минут
Ой қозғау тапсырмасы. Бұл тапсырма гүл түрінде беріледі. Гүлдің түрлі - түске боялған күлтелерінде сұрақтар жазылады. Оқушылар күлтелерінің астына жасырылған сұрақтарға жауап береді.


Скачать


zharar.kz