Азот және фосфор тақырыбын қайталау

Скачать

І Сабақтың тақырыбы: “Азот және фосфор” тақырыбын қайталау.
ІІ Сабақтың мақсаты: Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру.
Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
ІІІ Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, тест әдістері.
Көрнекілік: тапсырма қағаздары,

IV Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу;
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І “Кім жылдам” ойыны. Қойылған сұрақтарға жауабын жылдам айтуға дағдыланады.
1 - топқа:
1. Азоттың сутекті қосылысы не деп аталады? (аммиак)
2. Азот қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? (+5, - 3, +2, +4)
3. Азоттың металдармен қосылысында қандай тұздар түзіледі, ол қалай аталады? (нитридтер)
4. Азот табиғатта қандай түрде тараған? (газ)
5. Ауаның неше пайызын азот құрайды? (78%)
6. Азот қышқылының тұздары қалай аталады? (нитраттар)
7. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады? (мүсәтір спирті, аммоний гидроксиді)
8. Сұйықтық патшасы дегеніміз не? Ненің қосылыстары? (“патша арағы” 3HNO3*HCl)
9. Азот қышқылы жарықтың әсерінен неге ыдырайды? (NO2+H2O)

2 - топқа:
1. Фосфордың сутекті қосылысы қалай аталады? (фосфин)
2. Фосфордың металдармен қосылысы қандай тұздар деп аталады? (фосфидтер)
3. Фосфор қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? (+5, - 3)
4. Фосфор табиғатта қандай түрде тараған? (қосылыс, Ca3(PO4) 2, апатит)
5. Фосфор қосылысының тұздары қалай аталады? (ортофосфаттар)
6. Фосфор қышқылы қыздырғанда неге ыдырайды? Н4Р2О7, қос фосфор қышқылы)
7. Фосфордың қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (ақ, қызыл, қара)
8. Фосфор қайда қолданылады? (сіріңке)

ІІ “Есептер шығару”
1) Ерітіндінің массасы 600 г, массалық үлесі 42% азот қышқылы арқылы аммиак өткізгенде массасы 300 г аммоний нитраты түзілді. Аммоний нитратының массалық үлесін есептеңіз.

Азот және фосфор тақырыбын қайталау. жүктеу


Скачать


zharar.kz