ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР
Өтпелі тақырып: Балабақша (Қыркүйек)
1. апта Менің балабақшам
Денсаулық
Дене шынықтыру (3сағат)
Дене шынықтыру
1. Педагогтың артынан жүру және бірқалыпты жүгіруге уйрету. Жолақтың үстімен жүруде тепе - теңдікті сақтау. Қос аяқтап секіру
Қимылды ойын: Ойыншықтарға қонаққа барамыз
2. Педагогтың артынан жүру және бірқалыпты жүгіруге уйрету. Жолақтың үстімен жүруде тепе - теңдікті сақтау. Допты тура бағытта домалату.
Қимылды ойын:
Допты қуып жет
3. Педагогтың артынан жүру және бірқалыпты жүгіруге уйрету. Допты тура бағытта домалату. Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеуге үйрету.
Қимылды ойын: Доптарды жина
Коммуникация
Сөйлеуді дамыту (0, 5)
Көркем әдебиет (0, 5)
Сөйлеуді дамыту
Балабақшаның топ бөлмелерімен таныстыру. Тұрмыстық заттарға қатысты сөздерді (жиһаз, киім, ыдыс - аяқ) түсіндіру. Сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Таным
Жаратылыстану (1с)
Сенсорика (0, 5)
Құрастыру (0, 5)
Жаратылыстану
Балаларға топтағы гүлдер туралы түсінік беру. Олардың өзіне тән белгілерін байқап, сипаттай білуді үйрету.
Баланы мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрастыру
Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әр түстегі бөлшектерден орындықтың құрылысын құрастыруға үйрету.
Шығармашылық
Сурет салу (1с)
Музыка (1, 5с)
Мүсіндеу (0, 25)
Аппликация (0, 25)
Сурет
Қағазбен, қарындашпен сурет салу техникасын, түзу сызықтар арқылы балабақшаға баратын жолды салуды үйрету.
Дидактикалық ойын: Балабақшаға жол
Музыка
Педагог жоспары бойынша
Аппликация
Бейнеленген заттарға сәйкес түрлі түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдауды, желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағуды, күздегі ағаштың бейнесін жасауды үйрету.
Перспективалық жоспар жүктеу