Заң шығарушылық қызметі Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділікпен тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілік негізінде өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған. Мысалы: өндірістік, сауда-саттық, коммерциялық, делдалдық қызмет, қызмет көрсету және т.б.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет жалпылама сипатқа ие. Бұл бір адамның ғана жанұясы ушін емес, қоғамдық мақсатта басқа да адамдар үшін жүргізіледі. Демек, оған белгіленген занмен және ұйымдармен басқару құрылымдардың шаруашылық құқық формасының ережелеріне сай болуы керек. Себебі адам қоғамға, шаруашылық субъектісіне, заңда қарастырылған ресми құқылы статусына қайшы келмейтін қоғамдағы нақты жұмысымен айқындалатын танымал кәсіпкер.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі, өмірде бірқатар ұйымдастырудың заңға сәйкес формаларын тудырды, бұлар жобалау-директивті экономикаға жат. Нарық экономикасы дамыған елдерде және біздің Республикамыздағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруы құқылы формаларын саралауда, біздің бизнестік ұйымдастыру формаларының шетелдіктерге жакындауын байқауға болады. Сонымен қатар елеулі айырмашылықтар да бар, ол біздің еліміздің нарықтық қатынасқа өту кезеңінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Біздің елімізде кәсіпкерлікті ұйымдастырушылық құқықтық формалары жекеменшіктің пайда болудағы түрлі формаларының әсерімен қоса басқа да факторлар масштабтық, қызметтің көрінісі, басқару сипаттамасы, жауапкершілік дәрежесі арқылы да қойылады. Бұрынғы кеңес экономикасы жағдайында кез-келген кәсіпорын мүлікті оңашаланған шаруашылық бірлік ретінде қарастырылып келген және мұндай бірліктер арасындағы қарым-қатынастар бірлескен орталықтандырылған мемлекеттік регламентпен анықталды және олардың қарым-қатынастарының құқықтық тәртібін белгілеудің қажеттілігі болмаған. Нарықтық экономиканың аралас типіне өтуде бірнші қатарға кәсіпкерлік құқық проблемасы, кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі және сыртқы реттелуінің жағдайы, олардың әрекеті мен ұйымдастыру тәртібі қойылды. Сондықтан кәсіпкерлік бойынша Қазақстандық заң шығарушылық бірқатар кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық құқықтық формаларының барын көрсетеді. Сипаты бойынша шетелдердің бизнес дамуының ұйымдастырушылық формасына қарағанда, жекелегенде, АҚШ-да бизнестің негізгі төрт түрі: жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация бар.
Республикадағы жекеменшік және кәсіпкерлік қызмет туралы заңды қабылдау кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық ұғымға, әрқайсысының атына бірдей мазмұнын анықтай отырып, нақтылық пен айқындық енгізді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық шамаларының мына түрлері бар: дербес серіктестік, біріккен кәсіпорын, шаруашылық серіктестік (толық, компаниялы, шектеулі серіктестік), корпорация кең етек алуда. Арнайы әдебиетте кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқыктық формасының әрқайсысының дюмы толығымен көрсетілгендіктен, біз тек ел экономикасындағы серпінді үрдістерге байланысты өзгерістерге тоқталамыз.
Кәсіпкерліктің әрбір аталған ұйымдастырушылық құқықтық формалары экономикадағы жаңа интегративті құрылымның пайда болуына базис құрайтын шаруашылық жүйе болып табылады.
Даму барысында келісім-шарт негізінде өз еркімен іскерлікті кеңейтіп, нығайту үшін, сыртқы және ішкі нарықта сәтті әрекет жасау үшін кәсіпкерлік құрылымдар өз еркінен бірігеді. Тәжірибе көрсеткендей, іскерлікті ұйымдастыру формасының ешқайсысы өзішн күшті және әлсіз жақтарына қарай әмбебап болып табылмайды. Олардың әрқайсысының күнделік деңгейінен алғанда қаржыны өсіру қабілеттілігі, жауапкершілігі, бақылау қызметінің ұзақтығы, салық салу артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Мысалы: жеке кәсіпкерлік карапайымдылық пен бизнесті бақылау артықшылығы болып табылады. Ал серіктестікте бұл артықшылық былай бөлінеді: ол әрекетінің және корпорацияның шектеусіз өмірінің нәтижесіне шектеулі жауапкершілік ұсынады. Кемшіліктерге тоқталатын болсақ жеке кәсіпкерліктің негізгі кемшілігі капиталды өсірудің төмен қабілеті болып табылады Серіктестіктің негізгі кемшілігі ретінде барлық серіктес кәсіпорынның міндеттері мен карыздарының біріккен жауапкершілігі және серіктестіктің әрбір қатысушысының салық салу кірісінің құрамына кіріс пен шығыс енеді. Корпорация негізгі кемшілік ретінде "екілік салық салу" болып табылады. Оның мәні мынада: корпорация алғашқы да түскен пайдадан салық төлейді. Дегенмен екінші ретте пайданың жартысы дивиденд төлеуге кеткенде салық салуға ұшырайды. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық құқықтық формаларын іс жүзінде қолдануда және өзіне тән кемшіліктерді жоюда, біздің елімізде бизнесті ұйымдастырушы нарық экономикасы дамыған елдерде бүгінде сәтті қызмет ететін алып ұйымдастырушылық таруашылық құрылымдардың пайда болуына жол ашатын аралас формалар құрылады.
Қазақстан Республикасында бүгінде кәсіпкерліктің дамуында екі негізгі бағыт анықталған. Бірінші бағыт - ел экономикасын тұрақтылық пен басқарушылыққа ие болуға мүмкіндік беретін ірі ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуын және ғылыми-техникалық жаңалықтарды іске асыру бойынша ірі масштабты мақсаттарды шешумен байланысты. Екінші бағыт кіші бизнестің дамуымен байланысты бәсеке ортасына және өнеркәсіпке өзіндік икемділік береді.
Бірінші бағыт шеңберінде барынша күшті ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдар пайда болады, мемлекеттік, аралас және жекеменшік корпорациялар және қаржылық өнеркәсіптік топтар. Ең алғаш рет ірі кәсіпкерлік құрылымдар мемлекеттік жекеменшікті акционерлеу негізінде объекттілерді жекешелендірудің үшінші кезеңі пайда бола бастады. Мұндай жекешелендіру барысында он мыңдаған өнеркәсіп акционерлік қоғамдарға айналған. Қазақстанда корпорация шаруашылығы ұйымдастырушылық құқықтық форма түрінде де акционерлік өнеркәсіп үшін де өте ыңғайлы. Сондықтан ол салықтық жеңілдіктер алуға және акция иелерінің жауапкершілігі деңгейін шектеуге мүмкіндік берді. Мысалы: АҚШ екі есе салық салу проблемасын шешу үшін айрықша үстемділікке ие шағын фирмалар құрады, бұларды корпорация деп атайды. Корпорация бұл елде 1958 жылы кіші бизнеске қатысты реформасын жүзеге асырған, заңдастырылған. Корпорация кіші бизнесті белсенді ету үшін салық талабын төмендегі ретінде пайдаланылады, кейіннен бұлардан корпорация типті ірі өнеркәсіптер пайда болды.
Корпорацияның өсуінің негізгі жолдары – бұл бөлінбеген пайданың өндірістік түріне бір фирманың екінші фирма акцияларының бақылау пакетіне ие болу арқылы бірігуінің ішкі жолы. Корпорацияның кең таралуы концерні, холдилнигтік компаниия консорциумдар және басқа да нарықтық экономика типті ұйымдастырушылық шаруашылық бірлестіктердің пайда болуына ықпалдасады. Ірі және өте ірі компаниялардың қуатты және тармақталған қаржылық мекемелермен, мысалы, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және көлік, сауда, ақпаратты құрылымдарының араласуы, қаржылы-өндірістік топтардың пайда болуына әкеледі. Мұндай қаржы өндірістік топтардың өте үлкен өндірістік және қаржылық мүмкіндіктері бар, бұлардың ішінде де, одан тыс та сәтті іске асыруға болады. Мұндай топтар ірі масштабты ғылыми зерттеулерді, күрделі техникалық және технологиялық кешендерді пайдалану, енеркәсіптік кооперациялардың әсерінен пайда болып анықталады. Мұны шетелдік бәсекелестік пен ел , ішіндегі іскерлік конъюнктураның күрт тербелуіне тиімді қарсы тұру үшін қолданады. Мемлекет өзінің заң шығару және шаруашылық қызметін іске асырумен белгіленген түрін, сипатталуын, жағдайын, істегі заң шығарушылықты жетілдіре түсіп және қалыптасу тәсілдерін басқаруы тиіс. Қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен олардың қызмет ету, ел экономикасының прогресі және сонымен қатар оның ары қарай дамуының бірқалыпты даму жағдайы болып табылады. Сондай-ақ, кіші бизнес дамуына көңіл бөліну азаймауға тиіс. Бәрімізге белгілі, күшті қаржылық-өнеркәсіптік топтарға қарағанда кіші кәсіпкерліктің нарықтың конъюнктура өзгерісіне жылдам бейімделуі нарықтық экономиканы қажетті икемділікке ие қылады. Сонымен, кіші іскерлік нарыққа икемделумен қоса халық шаруашылығында өзіне нарық ортасын белсенді түрде қалыптастырады. Міне, осы икемділігінің техника мен технологияның жылдам өзгеріп тұру жағдайында, нарықтың тербелуінде, өнеркәсіпті жаңарту мен жылдам өзгеріп тұратын нарықтық конъюнктураға бейімделуге артық мүмкіншіліктер береді. Нарықты тауар мен қызметтерді жылдам толықтырып тұру қажеттілігі кіші бизнесті айрықша маңызды етеді. Кіші бизнестің міне, осы қасиеттері бүгінгі жағдайда тұтынушы сұранысын, ғылыми-техникалық прогрестің, шығарылып жатқан тауар мен қызметтің ассортиментін өсіруде өзінің жедел жекеленуімен айрықша маңызға ие.
Ол, ең алдымен, электроника, кибернетика, информатика салаларында және де бірқатар ғылыми-техникалық прогрестің біршама маңызды бағыттары бойынша іске асыруда едәуір маңызы зор. Жаңа техниканы мамандандыру мен пайдалануда кіші кәсіпкерлік ірі коорпорациялардың монопольді ұстанымдарына кедергі келтіретін мықты бәсекелес ретінде алады. Ол жаңа жұмыс орнын құрай отырып, халықты қамту проблемасын шешуге көмектеседі.
Кіші бизнестің әлеуметтік қыспақпен орта класты қалыптасуының негізі болып табылатын нарықтық қатынасты демократизациялаудағы орнының маңыздылығын айта кету керек. Барлық осы үстемдіктер мемлекетте кіші бизнеске жан-жақты қолдау көрсету керек екендігін және бүгінгі күн талабына сай еліміздің экономикасындағы өзгерістерді ескере отырып, заңды нормативті акт пен оларды үнемі жетілдіріп тұруын көздейді.
Бұл заңдарда кәсіпкерлікті ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, соғымен қатар мемлекеттік, жекеменшік, ұжымдық, кооперативті және т.б. өнеркәсіптер ретінде белгіленген. Бұл мекеме құқықтық формасы бойынша егер кәсіпорын - басшыларының саны төмен немесе шаруашылық айналымы шағын болса, соның ішінде - өнеркәсіп "кіші" мекеме деп аталады, кіші кәсіпорындар жекеменшік кәсіпорын және өндірістік ретінде ғана емес, акционерлік қоғам ретінде құрылуға тиіс. Сондай-ақ, кіші өнеркәсіптің ұйымдастырушылық-құқықтық формасын барынша тиімді таңдау осы кіші бизнес ұйымдастырушыларымен іске асырылуы тиіс. Бұл шаруашылықтың жекеменшік заңдарында бекітілген шеңберінде жаңа субъектілер қалыптастыру үшін нақтыланған құкықтық формалардың шектеулерін жояды және солардың негізінде ірі корпорациялардың пайда болуына тиімді мүмкіндіктер ашады. Қазақстан Республикасында кіші кәсіпорындар ретінде жүмысшылар санының едәуір өсуі салалары барлар есептеледі.