Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің көшбасшылары
Мақсаты: Қазақстандағы бейнелеу өнерімен оқушыны таныстыра отырып, бейнелеу өнеріне деген көзқарастарын арттыру.
Міндеті: 1. Оқушыға Қазақстан суретшілері жайында толық мағлұмат беру.
2. Суретшілердің шығармалары арқылы оқушының көркемдік талғамының, ой - өрісінің, қиялының терең дамуына ықпал жасау.
3. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің дамуының түп негізі ретінде суретшілердің өмірімен шығармашылығына құрметпен қарап, жүрегі - мен сезінуге тәрбиелеу.
Пайдаланатын әдебиеттер: 1.”Қазақ мәдениеті” энциклопедиясы.
2. “ Жетісу”энциклопедиясы.
3. “Бейнелеу өнері” жалпы білім беретін
мектептің 1 - 6 сыныптарына арналған
оқулықтар.
4. Выставки произведений художников Казахстана.
5. Бек Төлеков, Даир Төлеков.
6. Газет – журналдар
7. Буклеттер
Көрнекіліктер: Плакаттар, кестелер, компьютерлік слайдтар, буклеттер.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Интеракривті тақтамен жұмыс, баяндау, көрсету, сұрақ - жауап
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Мақсат қою
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
ІV. Материалды түсінгенін тексеру
V. Қорытынды
VI. Үйге тапсырма беру
Мақсат қою. Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнері салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер.
• Бейнелеу өнерінің түрлері
• графика
• кескіндеме
• мүсіндеме
• сәндік қолданбалы
• сәулет
Жаңа материалды түсіндіру. Қазақ халқының бейнелеу өнерінің ең ежелгі түрі – халқымыздың қол өнері болып табылады. Бейнелеу өнерінің кәсіби деңгейде қалыптасып, даму жолы оңай болған жоқ.
Оның басында этнограф - ғалым Шоқан Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Уәлихановтың салған суреттерінде “Ханқожа Уәлиханов”, ”Сартайдың портреті” графика басым роль атқарып, портреттік шығармаларының кәсіби шеберлігі байқалатынын анықтады.
Шоқанның салған графикалық суреттері Қайта өрлеу дәуіріндегі Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти шығармаларынан ұқсастық тапқан.
Шоқанның “Аға сұлтан портреті”,”Бақсы”,”Қазақ музыканттары”,”Шығыс ұйғырларының киімдері т. б. графикалық суреттері бар. Оның графикадан ғана емес, кескіндемеден де салған шығармалары баршылық.
Олар “Алатау көрінісі”,”Жатақ” атты картиналары.
Николай Хлудов
7. 12. 1850 ж. Ресей. Орел губерниясы.
23. 4. 1935 ж. Алматы қаласы.
Қазақстанның реалистік бейнелеу өнері Н. Хлудовтың есімімен байланысты. Қазақстанға 1877 жылы географиялық экспедицияға қатысып, бірнеше акварель және живопись полотноларын жарыққа шығарды.