Жазықтық пен түзудің параллельдік белгісін ата

Скачать

Геометрия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы
Жалпы мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту; логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі:
- Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- сыныпта диалогтік әңгіме дамиды.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
Туындайтын идеялар: Параллель жазықтықтар, қиылысқан жазықтықтар туралы мағлұмат алады; перпендикуляр жазықтықтармен танысу, түзулердің, жазықтықтардың, түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлық белгілерін, түзу мен жазықтықтардың өмірге қажеттілігін түсінеді

Сабақ барысы:
1. Амандасу
Сыныпта психологиялық ахуал туғызу 2 мин
Мұғалім іс әрекеті: Шаттық шеңберіне тұрғызады
Сыныпты топқа бөлу - 2 мин.
Геометриялық фигураларды таңдата отырып, төрт топқа бөледі
Үй тапсырмасы - 4 мин.
Миға шабуыл.
1. Грек тілінен аударғанда стереометрия қандай мағына береді?
2. Стереометрия нені зерттейді?
3. Кеңістікте түзулер қалай орналасады?
4. Айқас түзулер дегеніміз не?
5. Жазықтық пен түзудің параллельдік белгісін ата?
6. Түзу мен жазықтықтың қиылысу белгісін ата
7. Перпендикуляр түзулер дегеніміз не?
8. Кубтың неше жағы, неше қыры бар?

Оқушы іс әрекеті:
Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтады
Оқушылар фигуралар бойынша 4 топқа бөлінеді
Топтың бір мүшесі шығып шардың ішіндегі сұраққа жауап береді. Жауап беруге қиналса өз тобынан көмекші шақыруға құқығы бар.
Өзін - өзі тексеру


Скачать


zharar.kz