БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА – АНА ЖАУАПКЕШІЛІГІ
Мақсаты: ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға шақыру.
Міндеттері:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата – ананың жауапкершілігі;
2. Балабақшада ата – ананың оқу – тәрбие саласындағы рөлі;
3. Алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата – ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс тәсілдері: Жиын, әңгімелесу, көрсету
Керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар
Барысы: Ұстаз – бағбан, бала – гүл деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгіні қажеттірек.
Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – анада баласының әдептілігімен мақтануы тиіс
- соңғы кездерде балаңызда қандай өзгерістер болды?
- сіздің балаңыз өз жауапкершілігін сезіне ме?
І. Мен күнмін ойыны
Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегіндегі екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жазады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады. Қорыта келе екі топ мүшелері:
- адамгершілік
- имандылық
- тәртіпті
- жақсы қасиет
- өтірік айтпайтын
- еңбексүйгіш
- қайырымды
- қарапайым
- адал ұқыпты, батыл, сезімтал, намысқой, жігерлі т. б
II. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады.
Олар өздерінің жанұясы туралы былай дейді:
- менің жанұям менің бақытым
- мен папаммен, мамаммен бақыттымын
- мен мамамды өте жақсы көремін
- мен, папамды ше
- мен үйдегілерді сыйлаймын
Менің жанұям сурет көрмесін тамашалау
III. Біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді.
Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқау күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздың ойы:
- мен олардың ұрысқанын қаламаймын
- алысқа кеткенін жақсы көремін
- маған папам көп ұрысады
- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді