Ең дәмді таңғы ас түрлері мен салаттар, десерттер.
Ас әзірлеуді жаны сүйетін ханшайымдар үшін бұл мақал өте пайдалы деп ойлаймын. Таңертеңгілік ас әзірлеуге үнемі уақыт бола бермейді. Алайда, таңғы асты ішпеу кетуге болмайды. Күні бойы шаршамай, сергек жүруге қажетті күшті тез жинау үшін керекті бірнеше оймен бөлісеміз.
1. Кептірілген жеміс қосылған сұлы жармасы
Орташа көлемдегі кастрөлде 1 кесе су құйыңыз. Үстіне 2 - 3 ас қасық сұлы жармасын салып, орташа отта қайнатыңыз. Бір шым - шым тұз, жарты шай қасық қант салып, аздап сүт құйып тағы да бірнеше минут қайнатыңыз.
Сол уақыт аралығында бірнеше қара өрік пен кептірілген өрікті және аздаған жаңғақты майдалап қойыңыз. Майдалаған соң, дайын ботқаға сары маймен бірге салыңыз.
2. Нанмен қуырылған жұмыртқа
Рөмкенің немесе металл қалыпты сақинаның көмегімен бір тілім ақ нанның ортасына дөңгелек саңылау жасаңыз. Табаны сары маймен майлап, нанды қуырыңыз (екі жағын кезекпен 30 секундтан).
Сосын нанның ортасына жұмыртқаны жарыңыз. Тұздап, бұрыш салып, көкөністен себіңіз де, ақуызы піскенше қуырыңыз. Отты басып қойып, жай отта қуырыңыз. Тәрелкеге салып, ерекше қуырылған жұмыртқаны сүйсіне жеңіз.
3. Қызанақ қосылған омлет
Екі үлкен қызанақтың бас жағын кесіп алып, қасықтың көмегімен өзегін алып тастаңыз. Жұмыртқаны үгітілген ірімшікпен, майдаланған ақжелкен мен аскөкпен араластырыңыз. Тұздап, бұрыш салып, қызанақтардың ішіне құйыңыз. Кесіп алған қызанақтың басын жауып, қысқатолқынды пешке 3 – 4 минутқа салып алыңыз.
4. Тостағандағы омлет
Тостағанды сары маймен майлап, ішіне екі жұмыртқа жарыңыз. Тұз салып, шанышқының көмегімен араластырыңыз. Піскен шұжықтың немесе ысталған тауық етінің бір бөлігін төртбұрышты етіп турап, оны да салып, араластырыңыз.
Үгітілген ірімшік сеуіп, қысқатолқынды пешке бір минутқа қойыңыз. Сосын алып, тағы араластырып, қысқатолқынды пешке қайтадан бір минутқа саламыз.
5. Сұлы құймақтары
Блендердің ыдысына ½ стакан сұлы қауызын, 150 г йогурт, жұмыртқа және бананның жартысын салыңыз. Үстіне ½ шай қасық ұн мен ванилин қосып, араластырыңыз. Егер сұйықтау болса, 1 – 2 ас қасық сұлы қосып, тағы араластырыңыз.
Құймақтарды майланған, жақсылап қыздырылған табада пісіріңіз. Дайын құймақтарды жаңа піскен немесе мұздатылған жемістермен ұсыныңыз.
6. Ірімшік ботқасы
300 г майлы қаймақты түбі қалың кәстрөлге құйып, отқа қайнағанша қойыңыз. Қаймақ қайнағанша, 200 г ірімшіктң шанышқымен езіп, қайнап тұрған қаймаққа қосыңыз. Үздіксіз араластырып тұрып, тұз бен бір стакан жүгері ұнын қосыңыз. Араластырып тұрып, крем түстес болғанша қайнатыңыз. Ірімшік ботқасы жабысқақ әрі созылмалы болу керек.
7. Крок - месье француз бутерброды
Тосттарға арналған нанға (немесе кәдімгі нан) дижон қышасын жағыңыз да, зәйтүн майы жағылған қаңылтыр табаға салыңыз. Әр тілік нанның үстіне үлкен үккіштен өткізілген ірімшіктен және бір тілім шұжықтан қойыңыз. Тағы да ірімшік сеуіп, үстіне тағы бір нан қойыңыз.
Бутербродтардың бетіне зәйтүн майын жағып, жақсы қыздырылған пешке салып, алтын түстес болғанша ұстаймыз. Тағамды ұсынар алдында бешамель тұздығын құйса болады.
8. Банан мен қыша қосылған тост
Тостқа арналған нанға немесе батонға жұмсартылған сары май жағыңыз. Әр тілікке екі банан түйірінен қойыңыз. Қойытылған сүттен құйып, құрғақ қант пен қыша себіңіз. Майы бетіне шығатындай етіп тағы бір нан тілігін қабаттаңыз. Қысқатолқынды пешке 30 секундқа салыңыз.
9. Жержаңғақ пастасы мен жеміс - жидекті тосттар
Ақ нанды немесе батонды тостерде кептіріп алыңыз. Беткі қабаты күтірлек болуы тиіс. Әр тілікке жержаңғақ пастасын жағып, үстіне өзіңізге ұнайтын кез келген жеміс – жидекті қойыңыз. Мысалы, банан, киви немесе құлпынай. Тосттарды кофемен бірге ыстық күйінде ұсыныңыз.
10. Жеміс - жидекті сүзбелі крем
Майлылығы 9% 200 – 300 г сүзбені 3 – 4 ас қасық майлы қаймақпен бірге блендер салып, араластыру керек. Үстіне 2 – 3 ас қасық қойытылған сүттен құйып, тағы да араластыру қажет. Маусымдық немесе консервіленген жемістермен және тосттармен бірге ұсыныңыз.
11. Банан - жидекті смузи
Екі тал піскен бананды, ½ стакан жаңа піскен немесе мұздатылған жидекті (мысалы, таңқурай мен қаражидек), бір стакан жидекті морсты және майсыздандырылған ішетін йогуртты бір ыдысқа салыңыз. Бәрін бір қалыпқа келгенше блендермен араластырамыз. Бокалдарға құйып, бірден дастарханға ұсыныңыз.
Түскі ас
Бірінші тағам түрін бір аптаға алдын ала жасап қоюға болады. Борщ пен щи тоңазытқышта бір апта тұра береді. Ұзақ тұрған сайын дәмі кіре түседі. Ал екінші тағам түрінде үнемі уақыт та, күш те жетпей жатады. Бірақ жылдамдатып бірнәрсе жасауға да болады.
1. Тостағандағы ірімшік қосылған макарондар
Үлкен ыдыста ½ стакан сүтті жылытыңыз (қысқатолқынды пешке бір минутқа қойса жеткілікті). Жіңішке макароннан 2 – 3 ас қасық салып, қысқа толқынды пешке тағы да 3 минутқа салып алыңыз. Сосын алып, араластырыңыз да, үгітілген ірімшікті сеуіп, тағы бірнеше минутқа қалдырыңыз.
2. Ірімшікті уыздық
½ стакан сұлы қауызына екі стакан қайнаған су құйыңыз. Бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сол уақыт аралығында көзі майда үккіштен ірімшікті өткізіңіз (100 – 200 г), көк пиязды тураңыз, сарымсақты сығыңыз. Бәрін сұлыға қосып, тұздап, бұрыш салып, мұқият араластырыңыз.
Басқа табада бірнеше жұмыртқаны қуырыңыз. Қуырылған жұмыртқаны сұлы - ірімшікті тағамның үстіне қою керек. Үстіне көкөніс турап, бұрыш себуге болады.
3. Тауық пен қызанақты панини
Бір ас қасық майонезді, бір ас қасық қызанақ тұздығын, ½ лимон суын және туралған райхангүлді араластырыңыз. Осы қоспаны паниниге арналған тоқаштың астыңғы бөлігіне жағыңыз. Үстіне қайнатылған немесе кептірілген тауық сүбесі мен қызанақтарды қойыңыз. Үстіне үгітілген ірімшікті сеуіп, тоқаштың екінші бөлігін қойыңыз.
Аузын қақпақпен немесе басқа табамен басып тұрып паниниді шойын табада 3 – 5 минут қуырыңыз. Төменгі жағында қабықша пайда болады, ал, ірімшік еріп кетеді.
4. Тауық пен авокада қосылған капрезе
½ стакан бальзамды сірке суына 2 ас қасық құрғақ қантты қосып, қысқатолқынды пешке бірнеше минутқа қою керек. Қант еруі керек.
Сол уақыт аралығында зәйтүн майына піскен тауық сүбесін қуырыңыз. Осылайша қыздырсаңыз, қабықшасы қызғылт түске айналады. Шұңғыл ыдысқа туралған тауықты, авокадо, моцареллла және черри қызанағын (ортасынан бөлуге болады) салыңыз. Бальзамды сірке суын құйып, майдаланған райхан гүлін сеуіп, дастарханға ұсынсаңыз болады.
5. Қызанақ пен көкөніс қосылған шұжық
Екі таба дайындап алыңыз. Біреуіне өсімдік майын құйып, төртбұрышты етіп туралған 500 г шұжықты қуырыңыз. Екіншісіне үлкен етіп туралған 500 г қызанақты қуырыңыз. Қызанақтарды керегінше тұздап, бұрыш салыңыз. Салат жапырақтарының үстіне шұжықты, сосын үстіне томат тұздығын құйыңыз. Майдаланған көкөністерді сеуіп, лимон шырынын құйыңыз.
6. Шұжық қосылған лавашты рулет
Майонез бен кетчупты (шамамен 1 – 2 ас қасықтан) және сығылған сарымсақты араластырыңыз. Дайын қоспаны жұқа лавашқа жағыңыз. Рулет тығыз болуы үшін соңғысын екі рет ораған жақсы. Салма ретінде шұжықты (жіңішке етіп тураған дұрыс) және қатты ірімшікті (үккіштен өткізілген) пайдаланған дұрыс. Лавашты рулет түрінде орап, қалыңдығын екі сантиметр көлемде кесіңіз.
7. Тауық бурритосы
Сүрленген сан етін немесе тауық сүбесін текше пішінде тураңыз. Томат тұздығы жағылған жұқа нанға (лаваш) етті жаңа піскен қиярмен, салат жапырақтарымен және моцарелламен бірге ораңыз. Қаласаңыз, туралған күнзе, райхан немесе басқа да көкөністі қосуға болады.
Оралған нанды қатты қызған табада қыздырыңыз. Сырты қабықшасы қызарып, ішіндегі ірімшік еруі тиіс.
8. Шұжық пен ірімшік қосылған сосиска
Сосисканың сыртын тазалап, әрқайсысын бөліңіз. Қатты ірімшікті ұзынша етіп тураңыз. Сосискаларды ірімшікпен фарштаңыз да, сыртын бір немесе екі шұжық тілімдеріне айналдырыңыз. Жақсылап қыздырылған пешке 5 – 7 минутқа қойыңыз. Дастарханға ұсынар алдында дижон қышасын немесе етке арналған кез келген тұздық жағыңыз.
9. Қозықұйрық қосылған фрикасе
Пісірілген құс төсін ұзынша етіп турап, сырты әбден қызарғанша зәйтүн майына қуырыңыз. Майдаланған консервіленген қозықұйрықты немесе талғамыңызға қарай басқа саңырауқұлақты қосыңыз. Тағы бір минут қуырыңыз. Үстіне бұрышпен, карри ұнтағымен және талғамыңызға сай басқа да дәмдеуіштермен бірге суға араласқан қаймақты құйыңыз. Қаймақты тұздық қоюланғанша бұқтырыңыз.
10. Кілегейдегі қозықұйрықтар
Консервленген қозықұйрықтарды немесе басқа да саңырауқұлақтарды майдалап туралған пиязбен бірге майға қуырыңыз. Тұздауды ұмытпаңыз. Саңырауқұлақтың барлық суы тартылған соң, 100 г майлы кілегей құйыңыз. Үгітілген теңіз жаңғағын сеуіп, тағы да бірнеше минут бұқтырыңыз. Крем түсті қоюланған кілегей — тағамның дайын болды дегені.
11. Батондағы пицца
Салма әзірлеңіз: 200 гр шұжықты төртбұрыштап турап, 200 гр қатты ірімшікті үккіштен өткізіп, тұздап, бұрыш қосып, екі ас қасық майонез бен кетчуп қосыңыз. Осы салманы бір тілім батонның үcтіне қойып, майдалап туралған көктатар сеуіп, жақсы қыздырылған пеште ірімшік ерігенше ұстаңыз.
12. Брускетта
Батон немесе тостқа арналған нанға сарымсақ араластырылған сары май жағыңыз. Содан кейін 1 - 2 минут пеште кептіріңіз. Оның бетіне моцарелла немесе өзіңіз ұнатқан басқа ірімшікті турап салып, оның үстіне майдалап туралған райхангүл араластырып, зәйтүн майы, тұз, бұрыш және басқа да дәмдеуіштермен араластырылған қызанақ бөліктерін қойыңыз. Дайын брускетті бірнеше минутқа ірімшік еру үшін пешке қойыңыз.
13. Ащы тұздық қосылған жұмыртқа пашоты
Жұмыртқа пашоты дегеніміз – жұмыртқаны жартылай шала пісіру. Жұмыртқа пашотын дайындаңыз. Бұл үшін екі стақан суды қайнатып, оған тұз бен жарты қасық сірке суын қосыңыз. Жұмыртқаны май жағылған пашот пісіргішке немесе шұңғыл табаққа жарып салыңыз. Оны абайлап қайнап тұрған суға салып, 3 минуттай қайнатыңыз. Жұмыртқа пашотын ащы тұздықпен бірге ұсыныңыз: қоспа қосылмаған 200 гр йогуртқа сарымсақты езгішпен езіп қосыңыз, паприка, тұз және бұрыш қосыңыз.
14. Лимон шырынындағы цукини
Тазалап, майдаланып туралған цукиниді (көк кәді)(200 - 300 гр) еріген сары май (20 - 30гр) салынған табаға салыңыз. Дәміне қарай тұздап, бұрыш қосыңыз. Бір лимонды сығып, шырынын қосып, 5 минут бойы қақпағын жауып бұқтырыңыз.
● Тіскебасар
Келесі тағамдарды өзін ғана жеуге немесе басқа тағамдарға қосып тұтынуға болады. Олардың көбін жеңіл кешкі ас ретінде ұсынуға да болады.
1. Кептірілген майшабақтан жасалған паштет.
Кептірілген майшабақтың бір сүбесін алыңыз немесе балықты өзіңіз әзірлеңіз. Оны 200 гр сары май, қара ұнтақталған бұрыш және бір лимонның жұмсағын қосып блендрдің көмегімен майдалаңыз. Осыдан шыққан біртекті массаны әйнек немесе пластик ыдысқа салып, бірнеше сағат тоңазытқышқа қою керек. Майшабақ паштетімен және бородин нанымен дәмді бутерброд жасауға болады.
2. Жаңғақ қосылған қызылша
Бір орташа қызылшаны пісіріңіз. Көкөніс суыған соң, оны тазалап, орташа көзді үккіштен өткізіңіз. Тұздаңыз. Үккішпен немесе кофе уатқыштың көмегімен грек жаңғағын майдалаңыз. Оны қызылшаға қосып, зәйтүн майымен араластырып, дастарханға қойыңыз.
3. Ірімшік пен сарымсақ қосылған қызанақ
2 – 3 балғын қызанақты ортасынан бөліңіз. Шай қасықпен өзегін алып тастаңыз. Екі балқытылған ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Олар қолыңызға жабысып қалмау үшін алдын ала тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Ірімшікті сарымсақтың езілген 2 - 3 бөлігімен араластырыңыз. Майонез қосыңыз. Алынған ірімшікті массамен қызанақты толтырыңыз.
4. Ащы сәбіз
2 орташа сәбіз бен, сарымсақтың бірнеше бөлігін тазалаңыз. Бұл тіскебасардың ащылығын өз қалауыңызша таңдауға болады. Сәбізді орташа көзді үккіштен өткізіп, оған езілген сарымсақты қосыңыз. Тұздап, бұрыш қосып, майонезбен араластырыңыз. Бұл тіскебасарды бутербордың үстіне жақса болады немесе немесе жұмыртқаның ішіне салса болады.
5. Қара өрік қосылған сәбіз
100 г қараөрікке ыстық су құйып, 2 - 3 минутқа қойып қойыңыз. Бұл уақытта 2 сәбізді тазалап, ірі көзді үккіштен өткізіңіз. Қараөрікті турап, сәбізге қосыңыз. Оған 30 гр уатылған грек жаңғағын қосып, қаймақпен араластырыңыз. Егер қараөріктің дәмі қышқылдау болса, онда бір қасық қант қосыңыз.
6. Алмұрт пен анар салаты
1 – 2 алмұртты жуып, төртбұрыштап тураңыз. Қызыл тәтті пиязды тураңыз. Осының бәрін бір анардың дәндерімен араластырыңыз. Оның үстіне майдалап туралған күнзе, дәміне қарай тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз. Зәйтүн майы мен лимон шырынымен араластырыңыз. Диеталық сергіткіш салат дайын.
7. Қызанақ пен сүзбе ірімшік салаты
Бірнеше қызанақты жуып, ірі - ірі етіп тураңыз. Сүзбе ірімшікті төртбұрыштап тураңыз. Сүзбе ірімшік орнына фета ірімшік немесе моцарелла қолдануға болады. Тәтті қызыл пиязды аршып, тураңыз. Осы қоспаның бәрін біріктіріп, аздап тұз сеуіп, зәйтүн майымен араластырыңыз.
8. Шалғам мен қызанақ қосылған салат
2 – 3 қызанақ пен 3 - 4 шалғамды тазалап, ірі - ірі етіп тураңыз. Тәтті қызыл пиязды аршып, жарты сақина түрінде тураңыз. Осы қоспалардың бәрін араластырып, салатқа бір ас қасық шарап сірке суын, 4 ас қасық зәйтүн майын, ½ шай қасық құрақ қантын, тұз және ұнтақталған қара бұрыш қосыңыз.
9. Ананас пен балдыркөк қосылған салат
Бір көк алма мен 100 гр балдыркөкті ірі көзді үккіштен өткізіңіз. Консервідегі ананастың суын төгіп тастап, төртбұрыштап тураңыз. Барлық қоспаны қосып, дәміне қарай тұздап, майонезбен араластырыңыз. Қалауыңыз бойынша уатылған кешью немесе бадам дәндерін қосуға болады.
10. Ақсерке мен киви қосылған салат
Кивиді, болгар бұрышын (дәндерін алып тастауды ұмытпаңыз) және аз тұздалған ақсерке сүбесін тазалап, ірі - ірі төртбұрыштап тураңыз. Бір орташа бас пиязды жартылай сақиналап тураңыз. Барлық қоспаны араластырып, бір ас қасық зәйтүн майы мен бір ас қасық лимон сығындысын қосыңыз. Бір шымшым тұз, қант және қара бұрыш қосыңыз. Араластырыңыз.
11. Ыстық майдағы қозықұйрық
200 – 300 гр қозықұйрықты жұқалап, ұзыншалап тураңыз да, тұздап бірнеше минутқа қойып қойыңыз. Оған дейін табаға май құйып, қыздырыңыз. Қозықұйрықтың әр бөлігін ұнға аунатып, қызып тұрған майға қуырыңыз. Дайын асты ыстық күйінде немесе салқын күйінде жей беруге болады.
12. Ақсерке мен авокадо жағылған нан
Қара нанды тураңыз (3 × 3 см көлемінде). Оларға кілегейлі ірімшіктен жағыңыз. Әр тілімге піскен авокадоның бір тілігінен және аз тұздалған ақсеркенің бір кесімін қойыңыз. Ақсеркенің орнына албырт немесе алабалық та бола береді.
13. Тауық наггетсі
Тауықтың төс етін төртбұрыштап турап, олардың әрқайсын тұз қосып араластырылған жұмыртқаға аунатып алып, өсімдік майына қуырыңыз. Наггетстерді ыдыстарға салып, жанынан қияр мен қызанақ турап қойыңыз.
● Десерттер
Барлық десерттер үшін бірнеше сағат пештің жанында тұрудың керегі жоқ. Тез дайындалып, дәмі жағынан басқалардан қалыспайтын десерт түрлері де бар.
1. Таңқурай балмұздағы
500 гр мұздатылған таңқурайға бір стақан майлы салқын кілегей, ½ стақан қант ұлпасы және шай қасық ваниль қосып, блендермен араластырыңыз. Бұдан еріген балмұздаққа ұқсайтын қою салқын қоспа шығады. Солай жеуге де болады немесе біраз уақытқа мұздатқышқа қойып қоюға да болады. Егер тоңазытқышыңызда қатты тоңазыту қызметі болса, бәрі бұдан да тез болаы.
2. Сүзбе - құлпынай десерті
Бір қорапша сүзбе мен 100 гр жаңа піскен құлпынайды блендермен немесе миксермен араластырыңыз. Егер сұйық болып кетсе, банан қосыңыз. Ал тәттісі аз болса, бірнеше шай қасық қант ұлпасын қосыңыз.
3. Шәшкедегі шоколадты кекс
Тез дайындалатын шәшкедегі десерттердің түрі өте көп. Міне солардың бірі. 2 ас қасық сары майды ерітіп (қысқатолқынды пеште 20 - 30 секунд ұстасаңыз жеткілікті) оған 2 ас қасық қант, ½ шай қасық ванилин және шымшым тұз салыңыз. Шәшкеге жұмыртқаның сары уызын құйып, бәрін араластырыңыз. Оған бір ас қасық какао қосып араластырылған 4 ас қасық ұн қосыңыз. Қамырды шоколадтың бірнеше бөліктерімен араластырып, қысқатолқынды пешке 3 минутқа қойыңыз.
4. Жаңғақ торты
3 жұмыртқаны ұнтақталған орман жаңғағы немесе бадам жаңғағымен араластырыңыз. Оған 100 гр қант ұлпасы мен бір шай қасық қопсытқыш қосыңыз. Тағы да жақсылап араластырыңыз. Қысқатолқынды пешке арналған шағын әйнек ыдысты майлап, ұн себіңіз. Оған қамырды құйып, қысқа толқынды пеште барлық қуатымен 5 минут пісіріңіз. Дайын нанға, сары май қосылып көпсітілген қайнатылған қойылтылған сүт немесе кез - келген басқа кремді жағыңыз.
5. Анар қосылған апельсин
2 ас қасық құрғақ қанты қосылған бір стақан апельсин шырынын қайнатуға дейін жеткізіңіз. Содан кейін алдын ала суық сумен араластырып қойған 2 ас қасық крахмал қосыңыз. Аршылған апельсинді сақина тәрізді етіп турап, шұңқыр ыдысқа арасына анар дәндерін себе отырып және ыстық апельсин шырынан құя отырып қабаттап орналастырыңыз.
6. Даршын (корица) мен бал қосылған грейпфрут
Бірнеше грейпфрутты жуып, ортасынан бөліңіз. Әр жартысына қоңыр қант, даршын (корица) (бір шай қасық мөлшерінде) сеуіп, бал құйыңыз. Оны қағаз төселген табаға орналастырып, 200 градусқа дейін қыздырылған пеште 5 минут пісіріңіз.
7. Шоколадты мандарин бөліктер
Өзіңіз ұнататын сүйікті шоколадыңызды су буында немесе қысқатолқынды пеште ерітіңіз. Мандаринді аршып, бірнеше бөліктерін ажыратыңыз. Оның әрқайсын еріген шоколадқа батырып алып ұсақталған жаңғаққа, мысалы бадам немесе орман жаңғағына аунатып алыңыз. Суыған соң, дастарханға қойыңыз.
8. Банан қайығы
Бір ірі бананды тазалап, ортасын аздап алып, көлденеңнен кесіңіз. Оны маршмеллоумен (жевательный зефир) толтырып, үгітілген шоколад пен дәм қабық қосып, бал құйыңыз. Бананды фольгамен орап, алдын ала 200 градусқа дейін қыздырылған пешке 5 минутқа қойып алыңыз.
Дайындаған: Жадыра
Дереккөзі: lifehacker