Қысқа мерзімді жоспар 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңы. Импульс моментінің сақталу заңы
Сабақтың мақсаты: Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңымен таныстыру. Импульс моментінің сақталу заңы ұғындыру. Гираскоп туралы мәліметтер беру.
Күтілетін нәтиже: Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңын біледі. Импульс моментінің сақталу заңы түсінеді. Гираскоп туралы мәліметтерге ие болады. Жаңа мәліметтерді есеп шығару барысында қолдана алады.
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Пән аралық байланыс: Геометрия
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, түрлі - түсті хаттар, плакат, маркер, бор, слайдтар, электрондық оқулық,
Кіріспе: Оқушыларды түгелдеу және оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен сабақ бойынша оқушылардың кері байланысын талдау. Физикалық формулалар және шамалар арқылы оқушыларды екі топқа бөлінуіне ықпал жасау.
Таныстырылым:
Б. 1. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендігін анықтау мақсатында лездеме әдісі бойынша оқушыларға лездік сұрақтар мен мысал есептер тапсыру
Лездік сұрақтар:
Физикалық шамалар
1. Нзьютонның бірінші заңын айтыңыз.
2. Импульс түрінде жазылған Ньютонның екінші заңын өрнекте.
3. Статика дегеніміз не?
4. Энергияның қандай түрлерін білесіз?
5. Айналмалы қозғалыстың энергиясының формуласын жазыңыз.
Физикалық формулалар
1. Ньютонның бірінші заңын айтыңыз.
2. Импульстің сақталу заңын түсіндір.
3. Күш моментінің формуласын жазы ңыз.
4. Потенциалдық энергияның түрлерін ата және формуласын жазыңыз
5. Айналмалы қозғалыс үшін Ньютонның екінші заңын айтыңыз.
2. Келесі тапсырма пәнаралық байланысты ескере отырып геометриялық фигураларды ұсыну.
Топтарға геометриялық фигураларды пайдалана отырып денелердің инерция моментін анықтайтын формулаларды сәйкестендіруді ұсыну.
Негізгі бөлім:
Т. Қ 2. Жаңа тақырыпты ЖИКСО әдісі арқылы меңгертуге ықпал жасау немесе Айнымалы қозғалыс үшін импульс түріндегі Ньютонның екінші заңы: денелер жүйесіне түсірілген барлық сыртқы күштердің қорытқы импульс моменті жүйенің импульс моментінің өзгерісіне тең.
Импульс моментің сақталу заңы: тұйық жүйедегі импульс моменттерінің векторлық қосындысы тұрақты шама.
Практикалық бөлім:
Т. Ж Жаңа сабақты пысықтау мақсатында топтарға есептер тапсыру. Тапсырмаларды орындап болған соң топ мүшесі жариялауын жеткізу.
Физикалық шамалар
1. Инерция моменті 40 кг∙ тыныш тұрған маховик 20 Н күш моментінің әрекетінен бірқалыпты үдемелі айнала бастайды. 10 с - тан кейін маховиткің алған кинетикалық энергиясын табыңдар.
Физикалық формулалар
2. Инерция моменті 63, 6 кгּм2 маховик 31, 4 рад с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Маховикті секундтан кейін тоқтатын тежеуші моментті табыңдар.
Шағын зертханалық жұмыс
• Шардың инерция моментін анықтау
• Цилиндрдің инерция моментін анықтау
Қорытынды бөлім:
Ж Топтарға жаңа сабақты қорытындылау мақсатында Веер әдісін пайдаланып сұрақ - жауап өткізу. Веер әдісінің барысын түсіндіру.
Бағалау бөлімі: Оқушылардың сабақ барысында жинақтаған балын білу үшін топ басшыларының нәтижесі мен мұғалімнің нәтижесін салыстырып, ортақ қорытынды жасайды. Құндылықтар спектрі арқылы жазбаша кері байланыс жасауды ұсынады.
Үйге тапсырма: Айналмалы қозғалыс үшін импульстік түрдегі Ньютонның екінші заңы. Импульс моментінің сақталу заңы.
Физикалық шамалар тобы: Жуковский орындығы 1 - мысал
Физикалық формулалар тобы: Жуковский орындығы 2 - мысал
Қазығұрт ауданы
Мамандандырылған Дарын мектеп - интернатының
Физика пәні мұғалімі: Жолдыбаева Гульмира Оразалықызы