Бір қорап сіріңкенің бағасы қанша

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
1) 5-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру.
2) Математика пәніне деген қызығушылықтарын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Күлім қағып қолымды, қошеметтеп соғайын.
Қарап тұрған көршіме қолымды мен бұлғайын.
Жылы шырай жүзбенен маңдайыңнан сипайын,
Жылы - жылы сөзбенен, жүрегімді сыйлайын,
Амандасып өзіңмен, құшақтап бір қысайын.

ІІ. Өткенді қайталау
Қызықты есептер
1) Үш қорап сіріңке үшін 9 теңге төленді. Бір қорап сіріңкенің бағасы қанша?
2) Бір қорап сіріңкенің бағасы 3 теңге. 12 теңгеге неше қорап сіріңке сатып алуға болады?
3) Ойыншық ұялы телефонның бағасы 70 теңге. Осындай 4 ұялы телефонның құны қанша?
4) Үш құттықтау хатының құны 300 теңге. Құттықтау хатының бағасын тап.

ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз 5 - ке көбейту және бөлу.
5*5=5+5+5+5+5
5*6=5+5+5+5+5+5
5*7=5+5+5+5+5+5+5
5*8=5+5+5+5+5+5+5+5
5*9=5+5+5+5+5+5+5+5+5
(5 санының ерекше қасиетті сан екенін айтып өтемін)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын ата
- Қыс мезгілінде табиғат қалай өзгереді?
- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар, бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді, яғни Аққала құрастыру. Аққала неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен )
- Ендеше, балалар, аққала құрастыру үшін І бөлігін орналастыру керек.(тақтамен жұмыс)
1) 5*5=25
5*6=30
6*5=30
5*7=35
7*5=35
5*8=40
8*5=40
5*9=45
9*5=45

Сонымен 1 - ші бөлігін орналастық. Енді келесі 2 - ші бөлігін орналастырамыз. Ол үшін қима қағаздармен жұмыс жасаймыз.

1) 5*6=30
10: 5=2
5*4=20
20: 5=4
5*3=15
15: 5=3
5*8=40
40: 5=8

2) Шешуі: 5*7=35
Жауабы: 7 қауынның массасы 35 кг
Шешуі: 25: 5=5
Жауабы: Бір ашық хаттың бағасы 5 теңге
Шешуі: 40: 5=8
Жауабы: 40 теңгеге 8 жапсырғыш сатып алуға болады.

3) 656 - 98=558
90*10 - 756= 244
306+87 =393
40*7 - 40*5= 80
300: 100 =3
70*3+7*2 = 224
(354+636)- 920=70
80*3+30*2= 300
720 -(384+216)=552

4) 4*1=4
4*5=20
4*9=36
4*2=8
4*8=32
4*0=0

ІҮ. Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолда бос тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Аққаланың 3 - ші бөлігін яғни, басын орналастыру үшін өзіндік жұмыс орындаймыз.
1) Қалдықпен бөлуді орында
6: 5=1(қ. 1) ------------------ 9: 5=1(қ. 4)
7: 5=1(қ. 2) ------------------ 11: 5=2(қ. 1)
8: 5=1(қ. 3) ------------------ 12: 5=2(қ. 2)

2) Периметр табу
Р=1см+1см+1см+1см=4см

3) Тура теңдіктер шығу үшін бос тор көздерге қандай санды жазу керек.
45: 5 3 +5 30: 5 40: 5 - 1
35: 5 - 2*3 9 - 1 25: 5+6 8* 1
- Ал, енді балалар, бәріміз аққалаға қарайық. Қай жері кем болып тұр?
- Дұрыс айтасыңдар. Басында қалпағы жоқ. Қалпағын кигізу үшін мына
тапсырмаларды орындайық.
1) Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан,
Айтшы санын, балақан?
(сегіз)
2) Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналған - ды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
(екі)

Ү. Сабақты қорыту
- 5 - тің көбейту кестесін айт.
Қалай ойлайсыңдар, неге әрбір жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5 - ке артық?
ҮІ. Үйге тапсырма
№ 14 есеп
Көбейту кестесін жаттау.
ҮІІ. Бағалау


Скачать


zharar.kz