Сабақтың тақырыбы: Timer - таймер (жоспар презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға Visual Basic бағдарламалау ортасының Timer компоненті қасиеттерімен таныстыру, әр компоненттің жеке қасиеттерімен жұмыс жасауға үйрету. Бағдарламалау барысында компоненттердің қасиеттерін өзгерте отырып қолдануды үйрету
Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру
С) тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдептілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін - өзі сенімді болуға баулу.
Оқушы білуі қажет: Timer компонентінің негізгі және қосымша қасиеттерін білу, бағдарламалау барысында компоненттердің жеке қасиеттерін орната және өзгерте білу
Оқушы меңгеру керек
Timer компонентінің қасиеттерін ажырата отырып қолдануды, оны бағдарламалау барысында дұрыс, сәйкесті қолдануды
Сабақтың түрі: аралас
Оқыту әдіс - тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі, кері байланыс әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу
Қолданылатын техникалық
құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі:
Дінисламов Visual Basic бағдарламалу ортасы
Ермеков Есептеуіш техника негіздері
Қосымша:
А. Е. Анисимов, В. В. Пупышев. Сборник заданий по основаниям программирования ,
Н. Т. Ермеков. Есептеуіш техника негіздері
Должнеков, Мозговой Visual Basic7 Net Москва 2003
Пәнаралық байланыс: Геометрия, сызу
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау
Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу
Г) Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау
А) өткен сабақтар негізіне шолу жасау(компьютерден жасаған бағдарламаларын тексеру)
Б) сұрақ - жауап (сын тұрғысынан бағалауға, әділдікке тәрбиелеу)
Түрлі - түсті шаршылар ойыны арқылы