Қазақ тілі 6 класс
Сабақтың тақырыбы: Дара сөздер мен күрделі сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға сөз түлғасы және дара сөздер мен күрделі сөздер жайлы толық түрде мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту.
б)тәрбиелік: дара және күрделі сөздерді күнделікті өмірде қалай дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту. Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, т.б.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, корытындылау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Кезекші мәлімдемесі.
б)Журнал бойынша түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
а) Өткен сабақта өтілген ережелерді сүраймын.
ә) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеремін.
б) Сұрақ кою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.
в) Дәптерлерін алмастырамын.
3)Жаңа сабақты түсіндіру. (15 мин)
Сөздер құрамы жағынан дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір ғана түбірден түратын негізгі және туынды түбір сөзді дара сөз дейді. Мысалы: әке, жол-дас, ауыл, аялдама сияқты сөздер дара болып есептеледі. Себебі бүл сөздер бір ғана негізгі (әке, ауыл) немесе туынды түбірден (жол-дас: түбірі- жол, -дас-жүрнак; аял-да-ма: түбірі - аялда, -ма -жұрнақ) түрады.
Екі немесе одан да көп түбірден күралган сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке-шеше, ауыл-аймац, ашу-дас, Қостура, бозторгай, цараторы, он үш сиякты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бүлар кемінде екі түбірден қүралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймац (ауыл және аймац), ашудас (ашу немесе ащы және тас), боз торгай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостура (ңос~екі, шура-тау). Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі бо-лады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес).
Сөйтіп күрделі сездер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, косарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.
Талғатова Айгүл Талғатқызы
Үшағаш негізгі орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінәі мұғалімі
Дара сөздер мен күрделі сөздер. жүктеу