Әуенді - ырғақты қимылдар

Скачать

Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: Музыка - сезім тілі
Мақсаты: Музыканың құдіреттілігін ұғындыру.
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. Композитор ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру. Мұқият тыңдауға, зейінділікке баулу. Би қимылдарын ырғаққа сәйкес, әсем қозғала орындауға дағдыландыру.
Музыканың динамикалық реңкін анықтай алуға үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, қайталау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Үнтаспа, слайд, электронды оқулық, микрофон, композитор В. Шаинскийдің суреті, әуесқой сазгер А. Н. Еспенбетованың бейнехаты, музыкалық баспалдақ, ойынға қажетті заттар.

Мотивациялық қозғаушы
1. Бастапқы жүріс.
Балдырғандар маршы Ш. Қалдаяқов
Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді.
Балалармен әндете сәлемдеседі:
Са - ла - мат па, ба - ла - лар?
2. Әуенді - ырғақты қимылдар.
Мир похож на цветной луг В. Шаинский
- Балалар! Мен сендерге бір әннің үзіндісін тыңдап көруді ұсынғым келіп тұр. (тыңдатады)
- Әннің көңіл - күйі қандай?

- Дұрыс айтасыңдар, көңілді ән. Ендеше қазір бәріміз осы әннің ырғағын қол соғулармен, аяқ топылдатулармен, ырғақты қимылдармен әйгілеп, әуенге ілесіп билеп көрейікші... Бірақ жақсылап тыңдап, ән ырғағын дәл аңғаруға тырысыңдар, жарай ма?
- Жақсы биледіңдер. Ән сендерге ұнады ма?
- Би билеу ше?
- Бұл әнді композитор В. Я. Шаинский жазды. (Суретін слайд арқылы көрсетеді.)
(В. Шаинскийдің балаларға арналған әндері көп. Мысалы: Голубой вагон , Настоящий друг , Чунга - чанга т. б.) Композитор - музыка ойлап табады.
Жаңа сендер қатар түзей жүргенде ойналған әуен мен осы әннің сипаты, ырғағы бірдей ме?
- Яғни, музыка бір - бірінен сипаты, ырғағы бойынша ерекшеленеді екен.
- Бүгінгі үйренген ырғақты қимылдар есімізде қалуы үшін тағы да қайталайық...
Ал композитор В. Я. Шаинский бізді бақылап тұрады, ырғақтан жаңылысып қалмаңдар.

Іздену - ұйымдастыру
- Жақсы, енді жайғасып отырып музыка тыңдайық
3. Музыка тыңдау
Қуыршақтың мұңы П. И. Чайковский
- Музыка көңіл - күйлеріңе қалай әсер етті?
- Музыканың көңіл - күйі қандай?
- Дұрыс айтасыңдар, мұңлы, көңілсіз музыка екен. Бұл - сендер сияқты кішкентай балалардың тыңдауына арналған шағын музыкалық шығарма. Егер осы музыкалық шығарманы сендер жазған болсаңдар қалай атар едіңдер? Мазмұны не туралы деп ойлайсыңдар? Композитор бұл шығарманы Қуыршақтың мұңы деп атапты. Музыка арқылы ауырып қалған қуыршақтың көңіл - күйін жеткізуге тырысыпты.
Музыка - сезім тілі жүктеу


Скачать


zharar.kz