Тез есепте ойыны

Скачать

Cабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға есептің шартын құрып, шығара білуге, өрнек пен өрнекті, өрнек пен санды салыстырып, ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру;
ә) дамытушылығы: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, белсенділігін арттырып, қызығушылығын ояту;
б) тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білімді тиянақтау
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, топтық, өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, слайд материалы, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың оқу құралдарын қадағалап, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Барлық оқушының дәптерлерін қарап шығамын.
№ 5 Баған түрінде жазып есепте:
34 + 57 = 91
19 + 59 = 78
69 + 19 =88
37 + 19 = 56

- Тақтаға жазғандарды 4 оқушы түсіндіреді;
- Ауызша есептеулер жүргізіліп, үй тапсырмасын бекіту:
Тез есепте ойыны:

ІІІ. Жаңа сабақ:
1) КІТАППЕН ЖҰМЫС:
а) Кітаптың 58 беті бар. Әлия бірінші күні 12 бет, екінші күні 19 бет оқыды.
Оқылмаған неше бет қалды?
Жауабы: 58 – ( 12 + 19 ) = 27 (б)
ә) Әлия бірінші күні 12 бет, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда 9 бет
артық оқыды. Әлия екі күнде неше бет оқыды?
Жауабы: ( 12 + 9 ) + 12 = 33 (б)
б) Әлия бірінші күні 12 бет оқыды, бұл екінші күнге қарағанда 9 бет артық.
Әлия екі күнде неше бет оқыды?
Жауабы: ( 12 - 9 ) + 12 = 15 (б)
в) Ертегі кітап 58 беттен тұрады. Бірінші ертегі 14 бетті, екінші ертегі 19
бетті, ал қалған беттерді үшінші ертегі құрайды. Үшінші ертегі неше бетті
құрайды.
Жауабы: 58 - ( 19 + 14 ) = 58 – 33 = 25(б)

2) КЕСТЕ БОЙЫНША ӨРНЕКТЕРДІ ОҚЫП, ОЛАРДЫҢ МӘНІН ТАП:
c ----------------- 90 ----------------------- 79 ------------------- 80 ----------------- 69 -------------------- 100 ------------------ 99 ------------------ 70
d ----------------- 10 ----------------------- 30 ------------------- 41 ----------------- 21 ---------------------- 50 ------------------ 11 ------------------ 60
c - ( d + 9 ) ----- 90 -(10+9)=71 ---- 79 -(30+9)=40 ---- 80 -(41+9)=30 ---- 69 -(21+9)=39 ---- 100 -(50+9)=41 ---- 99 -(11+9)=79 ---- 70 -(60+9)=1

3) ЕСЕП БОЙЫНША ӨРНЕКТЕР ҚҰРАСТЫР ЖӘНЕ ЖАЗ:
а) Бірінші кітапта а әңгіме, ал екіншісінде одан с артық әңгіме бар. Екінші кітапта неше әңгіме бар?
ә) Бірінші кітапта а әңгіме, ал екіншісінде одан b кем әңгіме бар. Екінші кітапта неше әңгіме бар?
б) Бірінші кітапта а әңгіме, ал екіншісінде біріншісінде қанша болса, сонша әңгіме бар. Екі кітапта неше әңгіме бар?
в) Бірінші кітапта а әңгіме, ал екіншісінде одан b кем әңгіме бар. Екі кітапта неше әңгіме бар?
a) a + c
ә) а – b
б) a + a
в) (a - b) + a


Скачать


zharar.kz