Мұқағали МақатаевТамаша еді жазғы орманҚұстар сайрап, мәз болған

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын - шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елеңдетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз - жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана - торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
... Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым - ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz