Кинематика кеңістіктегі денелер жағдайларының уақыт өтуімен болатын өзгерістерін зерттейді. Онда механикалық қозғалыстардың әр түрлілігін зерттеуге және қозғалыстардың уақыттық және кеңістіктегі шамаларын қоюға болады. Бірақ кинематика дененің, оған қосылған күштер әсері арқасында, қалай қозғалатынын болжауға, немесе берілген қозғалыстарды жасау үшін берілген денеге қандай күштер қосылу керектігін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Механикалық қозғалыстарды кинематикада қозғалыстағы объектіге қосылатын күштерді, оның салмағын және бөлінуін есепке алмай оқиды.